Лучшая бабушка Социум

«Наш Костанай» газетінің ұжымы Жолдаудағы бірқатар тұжырымдарды талқылады

Олар Жолдаудағы өздеріне түсініксіз тұстарды мысалға келтіріп, көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды

«Наш Костанай» газетінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын Жолдауын талқылап, онда көтерілген мәселелер жайында өз ойларын ортаға салды.

Ұжымның бір бөлігі Президенттің «Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1.8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді» деген тұжырымдамасына байланысты өз пікірлерін білдірді.

Халықтың әл-ауқатын көтеруді көздеген бұл Жолдауда бірнеше маңызды мәселелер көтеріліп, шешімін тапқан. Солардың бірі өзекті де бір шешімін таппай келе жатқан Қазақстан халқының зейнетке шығу жасы болып отыр.

-Жасыратыны жоқ елімізде бірнеше жыл қатарынан зейнетке шығу жасы түсініксіз әрі жиі өзгеріп отырғаны баршаға мәлім. Күні бүгінге дейін бұл сұрақ толық жауабын тапқан жоқ деп ойлаймын. Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты өз ойларын білдірген біздің ұжым Президентіміздің «Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңартамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз» деген нақты тұжырымдамасына да байланысты өз ойларымен бөлісті. Осы орайда ұжымның тарапынан 2028 жылдан кейін зейнетке шығу жасы қалай болады деген сауал да түсіп жатты.

Сонымен қатар мемлекет басшысының «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу керектігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырдым» деген тұжырымдамасы төңірегінде де ұжым тарапынан көп сұрақтар туындады. Осылайша қызметкерлер арасында Жолдауды талқылау барысында көкейімізде бірнеше жауабы жоқ сауалдар пайда болды. Көбісі балаларға жеке есепшот ашылып, 18 жасқа толғаннан кейін пайдалана алатын қаражаттың 2024 жылы дүниеге келетін сәбилер үшін немесе осы уақытқа дейін туылған балалар үшін тағайындалатынын түсінбей дал. Газет қызметкерлерінің басым бөлігін осы сауал алаңдатып отыр. Олар осының толық мән жайын білгілері келетінін жеткізді,-дейді «Наш Костанай» газетінің директоры Асқар Жабаев.

Газет ұжымы осылайша Жолдаудағы мемлекет басшысының тұжырымдарын мысалға келтіре отырып, өздеріне түсініксіз тұстарын да талқылады. Көкейлерінде жүрген сауалдарын да ортаға салды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77