Бүгінде «Тілдарын» орталығының әлеуметтік желілері арқылы онлайн түрде тіл үйрену қолжетімді бола түскен
Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы 2021 жылғы жаңа оқу жылын 1 ақпаннан қашықтан оқыту режимінде бастады.
Оқыту процесін қашықтан ұйымдастыру тыңдаушылардың жұмыстан қол үзбей оқуына өте ыңғайлы, себебі курс тыңдаушысы өз жұмыс орнында отырып, Zoom платформасы арқылы мемлекеттік және ағылшын тілі сабақтарына қатысып, білім көкжиектерін кеңейте алады. Өткен сабақтардың материалдары орталықтың Instagram, WhatsApp, Facebook, YouTube мессенджерлеріне жүктеледі және оны тыңдаушылар қайталап қарап, тілді меңгеру барысында сөздік қорларын молайтуға мүмкіндік алады.
– 2020 жылы қысқа мерзімді курс хатшы-референттер мен такси диспетчерлеріне арналып өткізілген болатын. Курс тыңдаушыларына орталық оқытушылары әзірлеген салалық тілашар көмекші құралдары таратылды. Мемлекеттік тілді оқытудың қысқа мерзімді курстарын қызмет көрсету саласы бойынша өткізуді жалғастыратын боламыз. Ақпан айының 8-нен бастап жеке кәсіпкерлер үшін 36-сағаттық арнайы курс басталады. Биылғы жылы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы деңгейлік оқыту бағдарламасына сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыруда. 2021 жылы мемлекеттік тіл, ағылшын тілі және этнос өкілдеріне өз ана тілдерін оқыту курстарына 1330 тыңдаушыны қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді орталық басшысы Жұлдызай Ербатырова.
Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының желілік кестесіне және орталықтың жылдық жоспарына сәйкес тыңдаушылардың тілді тез меңгеруге деген ынталарын арттыру үшін айтулы даталарға, мемлекеттік мерекелер қарсаңында тақырыптық, танымдық, интелектуалдық сайыстар мен ашық сабақтар өткізілетін болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77