Образование

Облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыс орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өтті.

Дәстүрлі байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және Абай мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Биылғы облыстық кезеңге өңірдің 13 ауданынан және 4 қаласынан барлығы 50 оқушы қатысты. Олар 5 номинация бойынша бақ сынап, ақын шығармашылығын терең меңгергендерін көрсетті.

«Абайдың асыл мұрасы» номинациясында қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыса, «Абайдың ақын шәкірттері» бағыты бойынша Шәкәрім орындау шеберлігі бағаланды.

Ал «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында оқушылар Абай, Шәкәрім және Ақылбайдың әндері мен күйлерін орындап, өнерлерін паш етті. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» бағыты бойынша жас ақындардың авторлық өлеңдері бағаланса, «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында қатысушылар Абай туралы көркем шығармаларды талдау арқылы білімдерін дәлелдеді.

Байқау барысында оқушылардың әртістік қабілеті, сахна мәдениеті, мәнерлеп оқу шеберлігі және шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде көрінді.

Конкурс қорытындысы бойынша 5 оқушы І орынға, 8 оқушы ІІ орынға, 18 оқушы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар 4 қатысушы ынталандыру грамоталарымен марапатталды.

Облыс намысын республикалық кезеңде Қайыржан Нұрдәулет, Шөптібай Гүлназ, Қабиболла Алихан, сондай-ақ Қуанышбек Назгүл және Байша Аружан қорғайтын болады.

«Абай оқулары» – тек байқау ғана емес, ұлы ақынның мұрасын ұрпақ санасына сіңіретін тағылымды алаң. Осындай рухани сайыстар арқылы жастар ұлттық құндылықтарды терең танып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Назгүл Азатқызы

Суреттерді Облыстық

Білім басқармасы ұсынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77