Жерлестеріміздің еңбегі еленді
Өңіріміздің қос қаламгері лауреат атанды. Қазақстан Жазушылар Одағы Секретариат мәжілісі шешімімен 2019 жылдың 5 сәуір күні Қазақстанның 19 қаламгеріне Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Олардың қатарында жерлестеріміз – жазушы Қайсар Әлім мен ақын Серікбай Оспанов та бар. Бұл ақпарат еліміздің түкпір-түкпіріне таралатын «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды.
Бұл сыйлық қаламгерлердің 2017 және 2018 жылғы еңбектері үшін беріліп отырғаны белгілі. Қаламы ұшқыр жызушы Қайсар Әлімге бұл марапат «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа» атты екі тілдегі хикаят сапарнамасы үшін табысталса, ақын Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағы үшін берілді.
Лауреат атанған жерлестерімізді «Наш Костанай» газетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз. Бұл әдеби сыйлық даңқты қаламгерлеріміздің шабытын шыңдап, алдағы уақытта тың ізденістерге жетелейді деген сенімдеміз. Қаламдарыңыз мұқалмасын, дендеріңіз сау, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын ел мақтанышына айналған асыл жандар деген тілегімізді білдіреміз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77