Бүгін гуманитарлық көмек қабылдайтын пунктердің біріне Қырғызстан Республикасынан 3 фура, 40 тонна көмек келді.
Пункт А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің спортзалы, сол жерге келген гуманитарлық көмекті студенттен кіргізіп, бүгін-ертең су тасқынынан зардапшеккендерге таратады.
– Біз қазір қаладағы дайындалған екі гуманитарлық көмек қабылдайтын пунктің біріншісінде тұрмыз. Жалпы осы гуманитарлық көмек пункттерінің істеп тұрғанына екі күн болды. Бүгінге дейін 30 тонна көмек келді. Олардың барлығын таратып жібердік. Ол көмектер Астана қаласынан, Жамбыл облысының Меркі ауданынан келді. Одан кейін қала тұрғындары мен Лисаков қаласынанда көмек келіп жатыр, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.
Айта кету керек, жүктерді, азық-түлікті тасып, көмектесіп жатқан қаламыздың өңірлік университет студеттері мен волонтерлері. Алдағы уақытта да келген көмекті таратып, барлық жұмысқа қатысады.
– Кешеден бастап бізде гуманитарлық көмек пункті ашылды. Қазір келген тауарларды түсіруге студенттер, еріктілер, университеттің оқытушылар құрамы көмектесуде. Бүгінгі таңда пунктте кереуеттер, матрацтар, көрпе, жастықтар, сондай-ақ резеңке етіктер мен тамақ өнімдері бар. Сондай – ақ, біз күн сайын үзіліссіз, түскі ассыз жұмыс істейтінімізді айтқым келеді, егер зардап шеккен адамдар болса, бізге хабарласа алады, – дейді А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова.
ТЖМ Қырғызстан Республикасының тыл басқармасының қару жарақ және техника бөлімінің аға офицері Мырзат Медетқанов осы қаламызға келген гуманитарлық көмекті алып келді.
– Елімізден 300 тоннаға жақын жүк жіберілді. Төрт бағытта, яғни қазір бірінші келген Қостанай қаласына, тағы Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларына да бара жатыр. Осы 1-2 күнде жетіп қалады. Біз бірінші кезекте керекті азық-түліктерді, электр жылытқыштары, матрас, киім-кешектер алып келдік. Жалпы, Қостанайға 3 күн жүрдік, бұл шамамен 2500 шақырым жол, – дейді Мырзат Медетқанов.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77