Өңір басшысының бастамасымен 2 айлық экологиялық тазалық айы жарияланған болатын
Қала тазалығына барлығымыз жауаптымыз. Сондықтан, оның көркейіп гүлденуіне, тұрмыстық қалдықтарды кез-келген жерге лақытармай, таза ұстауға атсалысу әрқайсымыздың міндетіміз.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың бастамасымен Қостанай облысында 2 айлық экологиялық тазалық айы жарияланған болатын. Аптаның басынан бастау алған бұл сенбілікке қаламыздың мекеме орындары, жеке кәсіп иелері және тұрғындар белсене қатысуда.
Бүгін Қостанай қаласының әкімдік аппараттарының қызметкерлері айлық шеңберінде ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Бақтарды қоқыстан тазалады. Сонымен қатар, сенбілік қаладағы өзге де демалыс орындары мен көшелерде жалғасып, мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме-ұйымдары және тұрғындар қала тазалығына өз үлестерін қосуда.
– Бүгін біздің мемлекет қызметкерлер үш аймаққа бөлініп, тазалық жұмысымен айналысып жатыр дейді Қостанай қаласының әкім орынбастары Саят Шаймурунов – Мемлекет қызметкерлермен қатар, кәсіпорындар, колледждер, мекетептер де өздерінің аумақтарында сенбілік жасап жатыр. Заң бойынша кәсіпкерлер өз аумақтарын тазалауға міндертті, сондықтан біз олардың жұмыстарын бақылауда ұстаймыз. Әкімдік аппараты қызметкерлері екі топқа бөлінді. Олардың бір бөлігі бүгінгі тазалау іс-шарасына шықса, қалған екінші бөлік ертенгі сенбілікке шығады деп жоспарлануда. Сәуір, мамыр айлары коммуналдық қызметкерлер үшін ауыртпашылығы басым ай болып келеді. Себебі қар ерігеннен кейін, астында қалған қоқыстар қаланы ластайды. Сондықтан мен барлық Қостанай тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерді айлық сенбілікке шақырамын.
Шаһарымызға тазалық жүргізу үшін бірнеше аймаққа бөлінген. Әр аймаққа жауапты мекемелер мен бөлім басшылары бекітілген. Сол аймақтардағы бизнес құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, жеке тұрғындар апта сайын сенбілікке шығып, аумақтарында тазалық жүргізеді.
– Біз бүгін қаланы қоқыстан тазарту мақсатына сенбілікке шықтық. Кеңседе отыра бергенге қарағанда кейде таза ауаға шығып жұмыс істеген пайдалы. Онымен қоса қаламыз таза болып тұрғаны денсаулығымызға да, көніл күйімізге де жақсы әсер етеді. Кешке таза ауада, таза саябақта серуендеген өзімізге де жақсы. Сондықтан қала тұрғындарын сенбілікке шақырамын. Тазалық іс-шарасына қатыспаса да тым болмаса қоқыс қалдырмай, жинап жүрсе қаламыз таза болар еді, – дейді сенбіліктің белсенді қатысушысы Дархан Шайкен.
Тазалық іс-шарасына барлығы 1500 жуық адам қатысты. Барлығында бір мақсат, бір міндет. Алдағы уақытта сенбілік айынан тыс уақытта да қаланы таза ұстасақ дейді қатысушылар.
Екі айға созылатын сенбілік уақытанда қала ішінен бөлек сыртқы аумақтар да тазалатын болады.
Әйгерім ТӨЛЕПОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77