Қысқа мерзімдік курстар онлайн форматта өтіп жатыр
Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының базасында сауда орталықтарының қызметкерлеріне арналған қысқа мерзімді курстар іске қосты. Курсқа қатысушылар оқу барысында клиенттермен қарым-қатынас жасаудың негізгі дағдыларын меңгереді. Сабақ аптасына үш рет онлайн форматта өтеді.
Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованың айтуына қарағанда, қысқа мерзімді курстар шамамен екі айға созылады және 36 академиялық сағатты құрайды. Әр тыңдаушы сертификат алады. Курс материалдарына қосымша тілдерді оқыту орталығының қызметкерлеріне арналған сөздік құрастырылып, әрқайсысына таратылған.
Алдағы уақытта шаштараздар мен дәріханалардың фармацевттерін оқытуға арналған бағдарламаны әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77