Культура

Қостанайлық суретшілердің көрмесінің ашылуы өтті

Бүгін Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қостанайлық суретшілер Сергей Луговой мен Сергей Ли жұмыстарының “Третий глаз” атты көрмесінің ашылуы өтті.

Облыстық кітапхана жыл сайын өткізетін көркемөнер көрмелерін жалғастыруда.

– Мұнда 9 жаңа жұмыс бар. Мен қысқаша әр сурет жайында айта алмаймын, дегенмен де сурет салған кезде бәрін сезіндім деп айта аламын. Келген адамдармен әркімнің не ойлайтындығын талқыладық, – дейді қостанайлық суретшілердің бірі Сергей Ли.

Көрменің “Третий глаз” деп аталғандығының себебі, бұл жерде екі суретшіден басқа келген көрерменнің көзқарасы, оның ойы.

– Әр көрмеде түрлі жанрда сурет салуға тырысамын. Жаңа әр сурет жайында оқушылармен сөйлестік. Алдымен олар өз ойларын айтты, содан кейін мен ол суреттердің қандай мағына беретіндігін айтқан едім. Жастарды қызығушылығы бар екендігін, өз ойын айта алатындығы ұнайды, – дейді ҚР суретшілер одағының мүшесі Сергей Луговой.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77