Социум

Республика күні қарсаңында Қостанай қаласында 108 отбасы пәтер кілтін алды

«Юбилейный» шағын ауданында орналасқан жетінші үйдің пәтерлері табысталды. Яғни, 108 пәтер

Баспана алған кезектегілердің қатарында жетім балалар, толық емес, көп балалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу бар. Кілттерді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.

– Құрметті жерлестер барлықтарыңызға осындай баспаналы болу бұйырсын. Енді алған пәтерлеріңізді балаларыңыздың рахатымен толтырыңыздар, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй салынып жатыр. Осының аясында ағымдағы жылы үшінші үйдің кілті табысталуда. Жалға берілген үйлер айына шамамен 6-10 мың теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтердің аумағы 40 кв/м, ал 2-3 бөлмелі пәтерлер 60-67 кв/ м құрайды.

– Қостанайға көшіп келгеннен кейін көп балалы ата-анаға осылай үй беретіндігі жайында таныстарымнан естідім. 3 жыл 7 айға жуық өзімнің кезегімді күттім. Кішкентай егіз балаларымыз дүниеге келген сәтте әкімдікке барып, құжаттарды жинап, кезекке тұрған едім. Өзім есепші болып жұмы істеймін, – дейді үйдің кілтін алған тұрғынадардың бірі Ләззат Қапыбаева.

Жылдың соңына дейін «Аэропорт»  шағын ауданыңда тағы бір 108 пәтерлік тұрғын үй жалға беріледі.

– «Юбилейный» шағын ауданындағы үйдің құрылысы 2019 жылы басталды. Міне, төрт жылдан кейін халыққа беріліп жатыр. Үйдің қасында балабақша, мектеп барлығы бар. Келесі жылы тағы бір балабақша салу жұмысы басталады, – дейді Қостанай әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғабит Бектабанов.

Жалпы қаламызда кезекте тұрғандар саны 14000 –ға жуық. Жалға беру осы жылы аяқталады. Ендігі жылы сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Лариса БОЖКО

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77