Социум

«Волонтер жылы» аясында атқарылатын жұмыстар талқыланды

Қостанай облысында шамамен 80 еріктілік ұйым жұмыс істейді

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен облыс әкімдігінде селекторлық кеңес өтті.

Кеңес барысында «Еріктілер жылының» жүзеге асырылу барысы туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев баяндап берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қостанай қаласында өткен екі елдің еріктілері мен Қазақстан-Ресей жастар форумы аясында 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жария етті.

Нақты алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін өңірлік жоспар әзірленді және бекітілді, онда «Еріктілер жылы» аясында бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Бекітілген республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық еріктілік жобалар 7 бағытта біріктіріледі, олар: Сабақстастық, Саулық, Таза әлем, Асыл Мұра, Қамқор, Білім, Үміт.

Қостанай облысы «Таза әлем» бағыты бойынша еріктілік қызметке ерекше көңіл бөлді.

– Жоғарыда аталған бағыттардың ішінде Қостанай облысы өзінің еріктілік қызметіне Таза әлем бағытына сай жұмыс жүргізеді. Бұл бағыт қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқысты сұрыптап үйретуге бағытталған, – деді Марат Жұрқабаев.

Қостанай облысында шамамен 80 еріктілік ұйым жұмыс істейді, олар 15 мың адамды біріктірді.

Өтен жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы жастардың әлеуметтік-қоғамдық қызметке тартылуының үздік нәтижесін көрсетті. Республика бойынша бөлінген квотаның 377 студенті Қостанай облысынан жобаға қатысушылардың саны 146 адамды құрады.

– 2020 жылы Қостанайоблысына 638 квота бөлінді. «Qazvolunteer.kz» сайтында 490 студент пен 35 ұйым-алаңы тіркелген, – деп толықтырды ол.

Бүгінгі күні «Еріктілер жылы» аясында іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 180 іс-шара өткізілді, оған 6 мыңнан астам адам қатысты.

Іс-шаралар жалғыз тұратын қарт адамдарға тұрмыстық көмек көрсетуге, тұрғын үй алаптарының аумағын қардан тазартуға, «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге бағытталған.

Акция аясында медицина мекемелерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның алдын алу жағдайында үйде қалуға мәжбүр болған қарт адамдарға дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын жеткізуге көмек көрсетіледі.

– Жалпы акцияға бүгінгі күні 270-тен астам ерікті қатысты. Осылайша 1155 қарт адамға дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмек көрсетілді, – деді Марат Жұрқабаев.

Сөз соңында спикер бүкіл ресейлік «Мечтай со мной» жобасының аналогы «Бірге армандайық» жобасы туралы әңгімеледі.

– Бұл жоба 2019 жылы қостанайлық балалардың бастамасымен іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыр сырқат, үмітсіз балалар мен қарт адамдардың арман-тілегін жүзеге асыру. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 6 баланың арманы орындалды. Жақында Лисаков қаласынан келген баланың арманы жүзеге асырылды, – деп қорытындылады Марат Жұрқабаев.

Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай кезінде жұмысқа қатысатын еріктілердің қорғалуының маңыздылығын атап өтті.

– Жастарды барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет, еріктілерді толық жабдықтау керек, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі кезекті рет елді мекендерді көгалдандыру бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың күзіне уақытша ауыстырылғанын, ал төтенше жағдай кезінде елді мекендерді қоқыстан тазарту бойынша барлық жұмыстарды коммуналдық кәсіпорындар есебінен жүргізу қажеттігін хабарлады.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77