Культура Новости

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Нұржан Наушабайұлының 160 жылдығына орай айтыс ұйымдастырылды

Затобол кентіндегі «Алтын дән» медениет үйінде  облыстық мәдениет басқармасы мен Қостанай ауданының әкімдігінің қолдауымен «Тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлы» деген атпен аймақтық ақындар айтысы болып өтті.

Алаш қайраткері, ақын Нұржан Наушабайұлының 160 жылдығына орай өткізілген бұл додаға облысымыздың бірнеше аудандары мен қалаларынан келген ақындар қатысты. Осындай 6  ақын 3 жұп болып өнер көрсетті.

Айтысқа жиналған қауымға Меңдіқара ауданынан келген Дінмұхаммед Құсайынов пен Арқалық қаласының ақын қызы Дәния Сәтбекқызының арасында өткен айтыс ерекше әсер қалдырды. Екеуі керемет қыз бен жігіт айтысын жасай алды. Осылайша сұлу сөзден жыр саптаған ақындарымыздың айтысын тамашалаған көпшілік өздерінің дән риза екендіктерін білдірді.

Айтыс барысында ақындардың өнерін тамашалауға аранайы келген Қарагөз Ғалымқызын сөзге тартқанымызда, ол:

-Айтыс ата-бабамыздан қалған рухани қазына. Әсіресе, қыз бен жігіт айтысы қашан да үлкен қызығушылық тудырып келеді. Міне, бүгін осындай әдемі айтыстың куәгері болып отырмыз.
Жалпы, ауыз әдебиетіміз соның ішінде айтыстың ұмытылмай қайтадан жаңғырып келе жатқанына өте қуаныштымын. Осылай бір уақыт домбыраның үнімен үйлескен айтыскерлерді тыңдағанға не жетсін. Болашақта да айтасымыз өркендей берсін,-деді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, айтыс болған соң бір ақынның топ жарары белгілі ғой. Әбіл қазылар алқасының бағасы бойынша Дінмұхаммед пен Дәнияның ұпайы тең түсті. Бірақ, Арқалықтың инабатты ақын қызы Меңдіқараның ақын жігітіне жол берді. Сөйтіп, меңдіқаралық Дінмұхаммед жеңіс тұғырына көтерілді. Алай да, Дәния өзінің де осал еместігін аңғартты.

Айтысқа қатысқан басқа да ақындар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77