Культура Новости

Қостанай қаласында «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңі өтті

Бұл байқау еліміздің он бір облысында өткен болатын. Мыңдаған шақырымды артқа қалдырып, шығармашылық топ Қостанай қаласына табан тіреді

Негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық таланты бар балаларды анықтау. Осынау ән байқауына облысымыздың барлық өңірінен жас өрендер қатынасты.

Ұйымдастырушы топ біздің өңірге танымал әнші, отандық «Ringo» тобының мүшесі Данияр Өтегенмен келді. Бір кездері өзі де байқаулар арқылы танымал болған ол, әділ-қазы алдында өнер көрсеткелі тұрған өрендерге қолдау білдіріп, қобалжуларын сейілтті. «Мирас» мәдениет сарайына жиналған жерлестеріне байқаудың былтырғы мауысымының финалистері Дана және Дина Белисаровалар, «Бала дауысы-2017» байқауының финалисі Ясмин Аюпова мен «Bala Türkvizyon» финалистері – Мария Кунщикова және Мәулен Қадыров қолдау білдіріп, кеңестермен бөлісті.

Ең үздік дауыс иесі болып Затобол кентінің тұрғыны, 11 жастағы Едрес Әбілмансұр танылды. Байқаудың суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

«Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасына ие болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77