Документы принимаются до 31 марта
1 НАУРЫЗДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.
Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.
Іріктеуді Қостанай облыстың кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады
Іріктеуге:
- Қазақстан Республикасының азаматтары 35 жастан аспаған;
- жоғары білімді;
- жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі (құжаттарды тапсыру сәтінде) қатыса алады:
Іріктеу келесі бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ.
Кезең 1-31 наурыз аралығында өтеді. Кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz – жоба сайтында тапсыра алады. Сондай-ақ кандидаттар іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын таңдай алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. (шетелдік дипломдардың көшірмелеріне заңнамада айқындалған тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған белгіленген нысандағы өңірлік резервке кандидаттың қызметтік тізімі. Құжаттарды тапсыру сәтінде жұмыссыз болып табылатын кандидаттар соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
- түрлі түсті фотосурет.
Сонымен қатар, құжаттарды беру уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде де мүмкін екенін атап өткен жөн.
Құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі және құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей жүктейді.
Жеке кабинетте барлық құжаттар топтамасын ұсынып тіркелгеннен кейін үміткер өңірді және салалық бағытты таңдайды.
Бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.
Үміткерлер өзі тұратын өңірден басқа өңірдің резервіне қабылдану үшін құжаттарды тапсыра алады (яғни кез-келген өңірді таңдай алады, бірақ өзгерте алмайды).
Құжаттар ұсынылғаннан кейін үміткерлерге оларды верификациялау туралы хабарлама келеді. Әрі қарай, кандидаттарға жеке кабинетте тестілеу күні мен уақытын таңдау ұсынылады
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – ЗАҢНАМАНЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУҒА ТЕСТІЛЕУ.
Тестілеу Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарының тестілеу залдарында офлайн форматта екі блокта өтеді. Қостанай облысында тестілеуді Қостанай қаласы, Аль-Фараби даңғылы, 43 және Арқалық қаласы Абай көшесі, 29, 310 каб (әкімдіктің ғимараты).
Бірінші блок. «Заңнаманы білуге арналған тестілеу»:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ);
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білуге арналған тестілерді қамтиды.
Тест тапсыруға кандидаттарға – 55 минут беріледі.
Екінші кезеңнің бірінші блогы 5-9 сәуір аралығында өтеді.
Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге» заңнаманы білуге арналған тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50% – ы өтеді, бірақ 120 кандидаттан аспайды.
Тестілеу стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны хабардар ету, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл және кандидаттың өзге де қасиеттерін анықтауға арналған тапсырмаларды қамтиды.
Тестілеудің жалпы уақыты-90 минут. Екінші кезеңнің екінші блогы 13 және 14 сәуірде өтеді.
Тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттардың тізімі интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада кандидаттарды келесі кезеңге жіберу туралы шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – «ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ» Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым).
Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану және басқалар) қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер қалыптастырылады, олар кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылатын болады.
Құзыреттілікті бағалау (ассессмент – орталық) рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ» кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.
Сұхбатқа 23 артық емес кандидат (өңірге байланысты) жіберіледі.
Презентация 5 слайдтан тұруы керек.
Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет.
Презентацияны қорғау 5 минуттан аспайды.
Комиссия кандидаттарды келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
- аналитика;
- білімнің тереңдігі;
- қарым-қатынас дағдылары.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА» резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.
Қостанай облысының өңірлік кадр резервіне алынған адамдардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады.
Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады.
Қостанай облысының өңірлік кадр резервінде болу мерзімі – 2 жыл.
С 1 марта текущего года во всех регионах страны, городах республиканского значения и столице стартует отбор в региональные кадровые резервы.
Основная цель проекта – формирование региональных пулов молодых управленцеви привлечение талантливой молодежи к развитию регионов.
Отбор будет осуществляться Кадровой комиссией Костанайской области.
Лица, зачисленные в региональный резерв, могут занять административные государственные должности корпуса «Б» в местных исполнительных органах, за исключением избираемых должностей
Принять участие в отборе могут:
- граждане Республики Казахстанне старше 35 лет;
- имеющие высшее образование;
- трудовой стаж работы не менее 3 лет (на момент подачи документов).
Отбор будет осуществляться в рамках следующих базовых направлений:
1) индустрия и промышленность;
2) экономика и финансы;
3) социальная сфера;
4) жилищно-коммунальное хозяйство и инфраструктура;
5) агропромышленный комплекс и земельные отношения;
6) цифровизация;
7) экология.
Отбор в резерв состоит из следующих этапов.
ПЕРВЫЙ ЭТАП – ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ.
Этап пройдет с 1 по 31 марта. Подать документы претенденты могут на сайте проекта – onir.pkrezerv.gov.kz. У кандидатов будет возможность выбирать язык и резервировать дату и время прохождения каждого этапа.
Перечень необходимых документов:
- копия удостоверения личности либо паспорта Республики Казахстан;
- копии документов об образовании и приложений к ним(к копиям зарубежных дипломов, прилагаются копии удостоверений о признании данных документов в порядке, определяемом законодательством);
- копия документа, подтверждающего трудовую деятельность (в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса);
- послужной список кандидата в Региональный резерв установленной формы, заверенный кадровой службой по последнему месту работы. Кандидаты, являющиеся безработными на момент подачи документов, представляют копию документа, подтверждающего трудовую деятельность, заверенную кадровой службой по последнему месту работы;
- цветная фотография.
Подача документов также возможна в Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области на бумажном носителе либо в электронном виде на адрес электронной почты, указанный в объявлении.
Кандидаты, подавшие документы на бумажном носителе либо в электронном виде, также регистрируются на онлайн-платформе и загружают документы, в течение одного рабочего дня после подачи документов, но не позднее последнего дня приема документов, указанного в объявлении.
После регистрации и предоставления всего пакета документов в личном кабинете, претендент выбирает регион и отраслевое направление.
Допускается выбор одного региона и одного отраслевого направления. Изменение отраслевого направления и региона не допускается.
Претенденты, проживающие в одном регионе, могут подавать документы для зачисления в резерв другого региона.
После предоставления документов, претендентам придет уведомление об их верификации. Далее претендентам в личном кабинете будет предложен выбор даты и времени тестирования.
ВТОРОЙ ЭТАП – ТЕСТИРОВАНИЕ НА ЗНАНИЕ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА И ОЦЕНКУ ЛИЧНЫХ КАЧЕСТВ.
Тестирование пройдет в офлайн формате в два блока в залах тестирования Академии государственного управления при Президенте РК и ее филиалов. В Костанайской области можно пройти тестирование в городе Костанай по ул. Аль-Фараби, 43 и в городе Аркалык по ул.Абая, 29, кабинет 310 (здание акимата).
Первый блок «Тестирование на знание законодательства» включает в себя проверку на знание:
- Конституции Республики Казахстан (15 вопросов);
- Закона «О государственной службе Республики Казахстан» (15 вопросов);
- Закона «О противодействии коррупции» (15 вопросов);
- Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан.
На прохождение теста претендентам предоставляется – 55 минут.
Первый блок второго этапа пройдет с 5 по 9 апреля.
Ко второму блоку «Тестирования на оценку личных качеств» проходят 50% кандидатов, сдавших тестирование на знание законодательства с наивысшими баллами, но не более 120 кандидатов.
Общее время тестирования – 90 минут. Второй блок второго этапа пройдет 13 и 14 апреля.
Список кандидатов, успешно сдавших тестирование, размещается на интернет-ресурсах, а также на онлайн-платформе в течение двух рабочих дней с момента принятия решения о допуске кандидатов на следующий этап.
ТРЕТИЙ ЭТАП – «ОЦЕНКА КОМПЕТЕНЦИЙ» пройдетв офлайн-формате на базе Академии государственного управления при Президенте РК в городе Астана (предварительно 22 апреля – 7 июня).
Расходы на участие в конкурсе (проезд к месту проведения собеседования и обратно, наем жилого помещения, проживание, пользование услугами связи всех видов и другие) участники производят за счет собственных средств.
Данный этап направлен на выявление и оценку у кандидатов определенных компетенций через набор поведенческих индикаторов и включает в себя групповые и индивидуальные упражнения, в процессе которых за поведением кандидатов наблюдают сертифицированные эксперты-оценщики.
По результатам ассессмент-центра на каждого кандидата
будут сформированы краткие отчеты, которые будут размещены в личном кабинете кандидата.
Продолжительность процедуры оценки компетенции (ассессмент-центра) занимает от 6 до 8 часов.
ЧЕТВЕРТЫЙ ЭТАП – «СТРУКТУРИРОВАННОЕ ИНТЕРВЬЮ В КОМИССИИ» проводится в формате презентации проекта в соответствии с выбранным кандидатом отраслевым направлением.
К интервью допускается не более 23 кандидатов.
Презентация должна состоять из 5 слайдов.
В ходе презентации кандидату необходимо раскрыть суть и цели предлагаемой им идеи, этапы ее реализации, возможные проблемы при ее реализации, ожидаемые результаты.
На защиту презентации предоставляется не более 5 минут
Комиссия оценивает кандидатов в соответствии со следующими критериями:
- аналитика;
- глубина знаний;
- коммуникативные навыки.
Для обеспечения прозрачности отбора в региональный резерв на этапе проведения структурированного интервью могут привлекаться представители общественных объединений, НПО, СМИ, бизнес-сообществ и отраслевые эксперты.
НА ПЯТОМ ЭТАПЕ – «ЗАСЕДАНИЕ КОМИССИИ» выносится рекомендация о зачислении кандидатов в резерв.
Список лиц, зачисленных в Региональные кадровый резерв Костанайской области, будет опубликован на интернет-ресурсах, а также на онлайн-платформе в течение одного рабочего дня после принятия решения Комиссией.
Результаты каждого этапа будут размещаться на интернет-ресурсах, в личных кабинетах кандидатов, а также на сайте проекта в течение одного рабочего дня после принятия решения Комиссией.
Срок нахождения в региональном кадровом резерве Костанайской области – 2 года.
Департамент Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы
по Костанайской области
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77