Культура Образование

Үш тілді еркін меңгерген жас мамандар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті

Онда бақ сынаған 16 қатысушының ішінде үш кезеңнен мүдірмей өткендері жеңімпаз атанды

Қостанай облысы мәдениет басқарамасының қолдауымен «Тіл дарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы болып өтті. Мұнда облысымызға қарасты әр аудан, қалалардан 21-35 жас аралығындағы жастар қатысты.
Облыстық байқауға Федоров, Меңдіқара, Денисов, Жанкелдин, Ұзынкөл, Қарабалық, Алтынсарин, Қостанай аудандары мен Арқалық, Рудный , Лисаков қалаларынан 16 үміткер қатысып, үш тілде өз бақтарын сынады.

Байқаудың бірінші кезеңі бойынша үміткерлер Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы тақырыбы бойынша қазақ тілінде эссе жазды. Екінші кезең бойынша қатысушылар экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы, орыс тілінде берілген мәтінге қазақ тілінде ілеспе аударма жасады. Үшінші кезеңде жас мамандар берілген суретке қарап, ағылшын тілінде мазмұнын айтып берулері керек болды.

-Ұлт мақтанышы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының артында қалдырға мол мұрасы біз үшін баға жетпес қазына. Оның еңбектерін жетік меңгеру біз үшін парыз. Сондықтан тіл мамандарына Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен үйренетін дүние өте көп деп білемін. Сондықтан аталмыш байқауда жас мамандардың ұлт ұстазының еңібегімен қаншалықты таныс екендігін де тексеруді жөн көрдік. Сонымен қатар қазіргі жастардың үш тілді еркін меңгеріп, кез-келген мекемінің бетке ұстар маманына айналып жатқаны қуанышты жағдай. Біздің орталықта да бірнеше тілді жетік меңгерген білімді де білікті мамандар қызмет етеді. Міне, осындай жастар бақ сынаған облыстық байқау жоғары деңгейде өтті. Мұнда жас мамандар өздерінің біліктіліктерін танытты. Арнайы құрылған әділ қазылар алқасы жастардың білімін тексеріп, өздерінің әділ бағасын берді,-дейді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының директорының орынбасары Гүлнар Маратқызы.

«Алаш» арысы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған шарада үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық байқауында жүлделі 3 орынды Алтынсарин ауданынан келген Асел Бимурзова, Меңдіқара ауданының жас маманы Алсу Жакупова, Лисаков қаласының маманы Мұқағали Исатайлар иеленді.
Ал 2-ші орынға Ұзынкөл ауданынан Нұргүл Нұрымова мен Арқалық қаласынан келген Ақбике Боранбаева жайғасты. Жүлделі 1-ші орынды рудныйлық жас маман Тұрар Қайырбек жеңіп алды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет орталық қызметкерлерінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77