Біздің Қостанай Культура

Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдығына орай республикалық “Көктем-қыздар” атты ән байқауы өтті

Қостанай облыстық әкімдігінің қолауымен мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңірімізде екінші рет “Көктем қыздар” атты республикалық ән байқауы өтті

Біріншісі 2018 жылы өтсе, екіншісі міне бар қазақтың мақтанышы, алаштың ардақтысы, Тобыл Торғай тұлғасы, мәдениеттің майталманы, ҚазССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдығына орай оның әндерін орындаушылардың Республикалық “Көктем-қыздар” атты ән байқауы өтті.

Барлығы 12 қатысушы болды. Олардың арасында трио, дуэт болып қатысып жатқандар да бар.

Қатысушлар Астана, Ақмола, Талдықорған, Ақтау қалаларынан және өзіміздің облысымыздан қатысты.

Қалибек Деріпсалдин туған жеріне, туған елге адал, құрметі ерекше десек те болады. Шығармаларының бірталай әндері туған жерге, Қостанайға, басқада ауылдарға арналды. Ағамыздың әндері, өнері қаламызда ғана емес, қазақ эстарда жұлдыздарының орындауында кеңінен тараған. Оның әндерін Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, “Нұр-мұқанса тобы”, Досымжан Танатаров сынды әншілер елімізге таныта білді.

– Біріншіден Қостанайда өтіп жатқан конкурсына келгенімізге қуаныштымыз. Қалибек ағамызды мерейтойымен және республикалық конкурсымен құттықтап келіп отырмыз. Ағамыздың әндері республика бойынша кең тарап жүр,ал елінде осындай байқау ұйымдастырып жатқандығы ол кісіге деген үлкен құрметті көрсетеді. Көзі тірі кезінде осындай құрметке ие болып жатқандығы қуантарлық жайт. Ол кісіден тағы да шығармалар күтеміз, – дейді Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Әбдінұр Серікжан Құтымбетұлы.

Қалибек ағамыздың еңбекқорлығы, өнерге деген құштарлығы жастарға үлгі, таланттарға өнеге. Өзінің бір сұхбатында “жазған әндерімнің көбісі жастық шағымда шықты, қазір сол еңбектерімнің жемісін көріп жатырмын” деген екен. Міне, сол жасалған жұмыстардың жемісіне біз куә болып отырмыз.

– Қазақтың музыка өнеріне ерекше үлес қосып жүрген ағамыздың құрметіне өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар келді. Қаншама әртістердің айтуы бір бөлек, бірақ елдің аузында жүріп, халықтың сүйікті әншісіне айналғаның өздеріңізде жақсы білесіздер. Біздің өңірде, көптеген концерттерде айтылып жүрген әндеріміздің көбісі ағамызға тиесілі,-дейді Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Республикалық байқау жалпы 2 кезеңнен тұрды. Біріншісінде әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің әні және Қостанайдың композитерлерінің әндері айтылса, екіншісінде Қалибек ағамыздың эстарада әндері шырқалды.

Байқау нәтижесі бойынша 3 орын – Мәулен Қадыров, Қостанай қаласының қатусышысы және Тілекбай Нағымбаев, Жетісу облысынан, Талдықорған қаласының қатыушысына бұйырды. Ал 2 орын – Ақниет Сейфуллақызы, Ақтау қаласы иеленсе, 1 орынды Тасқын, Фариза Жоламановтар, Қостанай облысы, Федоров ауданы алып кетті. Бас жүлде- Әкімжан Шакиров, Ақтөбе қаласының орындаушысы иеленді.

Оған қоса қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болды. Бас жүлде 500000 теңгені құраса, бірінші, екінші, үшінші орындарға 300000 теңге, 200000 теңге және 150000 теңге табысталды. Ал қатысқан қалған қатысушыларға 50000 теңгеден берілді. Бұл жерде тек байқау ғана емес, концерттік нөмірлерде болды.

Аяжан СЕРІК

Фотоны түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77