Келесі жылдың басынан бастап Қостанай облысындағы қуыршақ театрының көрермендері қазақ тілінде қызықты қойылымдарды тамашалайтын болады
Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары мәдени саладағы әртүрліліктің маңыздылығын атап өтті.
– Осы жақында облыс әкімі әр аудандар да халық театрын ашуға тапсырма берді. Келесі жылы театрда да қаншама премьералар жоспарлап қойдық. Қуыршақ театрының қазақша труппасы ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихат депуттатары қолдайтын болса, келесі жылдан бастап бұл мәселе шешілетін болады, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.
Мәдениет саласының майталмандары, мұндай бастамалар мәдени әртүрлілікті қолдауда маңызды рөл атқарады және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік-мәдени интеграциясына ықпал ететінгігін атап өтті. Сонымен қатар, олар жергілікті бірегейлікті нығайтуға және толерантты қоғам құруға ықпал етеді.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Бейбіт Нұрмұханов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77