Социум

Домбыра күніне қызу дайындық басталып кетті

Іс-шаралар тек қоғамдық орындар мен мәдени ошақтарда ғана емес, спорт клубтарында да жалғасып жатыр

Өткен демалыс күндері облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жұлдыз» домбыра студиясының өнерпаздары «Арман» кинотеатрының келушілеріне күйден шашу шашты. «Домбыра-мәңгі мұрамыз» атауымен өткен флешмоб көпшіліктің көңіл төрінен орын алды.

Сондай-ақ,  «Сұлтан» спорт клубының қабырғасында да  күй ойналды. Бұл жолы спортшы жастарымыз өнерлерін ортаға салды. Өнерпаздар әр жаттығу арасында күй ойнап, спортышаларымызға руһ бере түсті. Іс-шараның өтуінеҚостанай облыстық кикбоксинг федерациясы мұрындық болды.

Кикбоксингетен Әлем чемпионы Нұралы Серіков Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқынын» ойнаса, кикбоксингтен Әлем кубогі иегері Джохар Цечоев та  қолына домбыра алды.

Қазақстан Республикасының аға бапкері Әскер Макубаев пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері бапкер Асқар Бермұхамбетов жастарға тілегін білдіріп, домбыра күнінің маңыздылығына тоқталды.

– Алдағы уақытта домбыра күніне арналған іш-шаралар жалғасын табатын болады. Осындай бастамамызды қолдап отырған кинотеатр әкімшілігіне де алғысымыз зор, – дейді ұйымдастырушылар.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77