Социум

Қостанайлық кітапханашылар мерекеде ұлттық дәстүрді дәріптеуде

Дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауда алдыңғы лекте жүретін қостанайлықтар тағы тың бастаманы қолға алды. Бұл жолы Әз Наурыз мерекесіне орай қалалық кітапзханалар арасында “Берекелі дастархан” атты ұлттық тағамдар челленджін бастады.

Челлендж мақсаты – қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын бағдарлама аясында қайта жаңғырту. Арнайы дайындалған бейнетүсірілімде қуырдақ, Наурыз көже, қымыз сусыны сияқты сүт тағамын дайындау жолдары да көрсетіледі. Тағы бір айта кетері, тағамды дайындау тәсілі заманға қарай өзгеріп, құрамы да түрлене түскен.

Челленджге қатысушылар бұрын қарынбүрме тек жылқының жаясынан ғана дайындалғанын айтады. Ал, челлендж аясында дайындалған қарынбүрмеге жаядан бөлек, көкөніс, атап айтқанда, картоп, сәбіз, сарымсақ қосылып, дәмдеуіштермен дәмі кіре түскен. Жая, картоп, сәбіз, сарымсақ туралып, дәміне қарай тұз бен бұрыш қосылып, жылқының қарнына салынады. Қарынның аузы жіппен байланып, үш сағат шамасында қайнатылады. Піскен қарынбүрме табаққа салынып, туралады. Ұлттық тағамды дайындаушылар дәл осылай, өз сөліне піскен тағамның өте дәмді болатынын айтады. Жаңа бастаман көтерген кітапханашылыр  челленджінді  «Ұлттық тағамдар» күніне орай ұйымдастырғандықтарын айтады. Іс-шараға он кітапхана ұйымы қатысқан.

– Мерекеге орай ұйымдастырлған іс-шараға “Южный” кітапханасының атынан қатысып. Қуырдақ тағамының дайындалу әдісімен бөлістім. Бұл бала күнімізден сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Қазір өз отбасыма да жиі дайындап беріп отырамын, – дейді Шолпан Абильтаева.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77