Шара барысында бетпердесіз жүрген жеке тұлғаларға ескерту жасалды
Құрамына Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлер, заң сақшысы мен БАҚ-ның өкілдері кірген мониторингтік топ шаһарымыздың темір жол вокзалы мен «Март» сауда орталығында және «Астықжан» супер маркетінде болды.
Бүгінде Қостанай облысы коронавирус жұқтыпғандар саны бойынша «қызыл» аймақта. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар арасында бас санитарлық дәрігердің нұсқауымен бекітілген сақтық шараларын толық ұстануы міндеттеліп отыр. Осыған орай, мониторингтік топ аталған обьектілерде бетперде кию, ара қашықтықты сақтау және «Ашық» қосымшасының қаншалық жұмыс істеп жатқандығын тексерді. Бұл тобтың басты мақсаты – профилактикалық жұмыс жүргізу болды.
Мониторингтік топ бірінші қаламыздың теміржол вокзалына бассұқты. Мұнда «Ашық» қосымшасы жұмыс істеп тұрды. Күзетшілер келушілердің коронавирусқа байланысты күйін, «Ашық» қосымшасында қандай түс жанғанын және арнайы құрылғы арқылы дене қызуын тексеріп өткізіп жатты. Сонымен қатар вокзалында пойыз күтіп отырған жолаушылар мен азық-түлік сататын дүңгіршектердің сатушыларының барлығы бетпедемен жүргеніне куә болды. Бұл жерден ешқандай сақтық шараларының бұзылуы байқалмады.
Осыдан кейін мониторингтік тоб мүшелері халық көп жиналатын орындардың бірі «Март» сауда орталығына бет алды. Мұнда кіре берісте күзетшілер келушілерден бетперде киіп, «Ашық» қосымшасынан өтуін қадағалап, адамдардың күйінің қандай түсте екенін тексеріп жатты.
Сауда орталықтың ішіне кірген топ мүшелері кейбір бетпердесіз жүрген адамдарды кездестіріп, бірінші рет ескерту жасалатынын одан кейін қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген жеке тұлғаларға 30 есептік көрсеткіш бойынша айыпұл салынатынын түсіндірді.
Сондай-ақ тұрғындардың бетпердені сауда орталыққа кірген кезде күзетшіге көрсету үшін ғана киіп, кейін ішінде шешіп тастайтындары байқалды. Сауда бутигтерінде бетпердесіз жүрген бірнеше тұрғындар кездесті.
Сауда орталықтан кейін профилактикалық жұмыс «Астықжан» супермаркетінде жалғасты. Мұнда айтарлықтай сақтық шараларының бұзылуы байқалған жоқ. «Ашық» қосымшасы жұмыс істеп тұрды. Ішіндегі сауда жасап жүргендер де бетпердемен жүрді.
-Коронавирус жұқпалы дертінің әлі де беті қайтпай тұр. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет. Бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау және «Ашық» қосымшасы арқылы ғана кіру көптеген адамдардың денсаулықтарын сақтауға көмектеседі. Коронавирусты жұқтырған бір тұлғаның сол ауруды басқаларға жұқтыруына жол бермеу қажет. Қазір өңіріміз «қызыл» аймақта. Сондықтан көпшілік жиналатын орындарда сақтық шаралары қатаң түрде талап етіледі, – дейді мониторингтік топтың мүшесі, қалалық әкімдіктің кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Илона Тимошенко.
«Сақтансаң сақтаймын» деп бекер айтылмаса керек. Әрдайым сақтық шараларын берік ұстап, өзіміздің, жақындарымыздың өмірін сақтайық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77