Социум

Қаламызда қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылық күні аталып өтілуде.

Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған. Сонымен қатар бұл күн ораза айы мен жұма күніне түсіп тұр.

– Алдағы уақытта да осындай акция өткізу жоспарлануда. “Зекет және қайырымдылық” қоры мұқтаж жандарға көмектесіп тұрады. Енді барлығы қайырымды азаматтардың демеушілігімен, – дейді  Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы, “Зекет және қайырымдылық” қорының басқарушысы Бақытжан Икрам.

Бүгін 13 адамға азық-түлік берілді. Оның ішінде жалғыз басты, көпбалалы аналар, мүгедектер бар.

– Мешіт қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Әрқашан қол ұшын созады. Менің кәмелет жасқа толмаған үш балам бар. Кішкентайымның мүгедектігі бар. Міне, осы уақытқа дейін бірнеше рет көмектескен болатын, – дейді келген адамдардың бірі.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77