Социум

Қаламыздың студенттері әлеуметтік желі ойлап тапты

Қостанай құрылыс колледжінің студенттері “Businesslinkup” әлеуметтік желісін әзірледі.

Әлеуметтік желіні құру идеясы Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Амир Ахметов және Ануар Ибрашев өндірістік практикада WEB-жобаларды әзірлеу және құру дағдыларын бекіткен кезде осындай ой келді.

Жоба тұжырымдамасы мемлекеттік құрылымдарды біріктіруге, оларға пресс-релиздер орналастыруға және өңірлердегі маңызды, өзекті оқиғалар туралы азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

– Бұл тәжірибе оларға ақпараттық технологиялар саласында құнды білім мен дағдылар беріп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі таңдағы маңызды заттарға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдары мен индустрия арасындағы осындай жобаларды табысты іске асыру үшін ерінбей еңбек ету маңызды, – дейді әлеуметтік желіні әзірлеген студенттер.

Әлеуметтік желі ақпаратпен жұмыс істейтін мамандарға арналған деп айта аламыз.

– Ақпарат алмасуда ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасы болады, – дейді жоба жетекшісі Динара Сейчанова.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77