Образование

Қазақ тілін еркін форматта үйрететін «Сөйле Time» клубының кезекті отырысы өтті

Сабақ барысында клуб мүшелері етістіктің түрлерімен, шақтарымен танысты

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада «Сөйле Time» клубының кезекті отырысы өтті. «Етістік» тақырыбына арналған іс-шараға жеті адам қатысты. Оның ішінде 6 адам аталмыш кітапхананың қызметкерлері болса, 1 адам өз еркімен қазақ тілін үйренуге келген дәрігер Ибагүл Барсақбаева.
Клубтың кезекті отырысына жиналған жандар етістіктің түрлерімен, шақтарымен танысты. Мемлекеттік тіл үйренушілері асқан белсенділік танытты, сурет бойынша мәтін құрады, етістік сөз табына жататын сөздердің антонимдерін тапты, уақытты сағат арқылы анықтауды үйреніп, етістіктерді қолдана отырып, күн тәртібін құруға ниет білдірді.

-Мемлекеттік тілді үйренуге ден қойған әріптестерімнің бастамасы жаман емес. Ол кісілердің қай қайсысы да білсем, үйренсем деп талпынып, өздерінің қазақ тіліне деген ерекше қызығушылығын танытып жатыр. Тақырып бойынша да көптеген мәліметтерге қанығып, сабақ барысында берілген тапсырмаларды дұрыс орындады. Кейбіреулері қазақша бір кісідей сөйлей алатындарын да көрсетті,-дейді шара ұйымдастырушысы Әсел Байғазина.

«Сөйле Time» клубының ұжымы қазақ тілін меңгеруге құлшынысы бар азаматтарға қызмет көрсетуге әзір!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77