Социум

Қазақ тілінде анимациялық мульфильм жарыққа шықты

“ARA Studios” қазақстандық анимациялық студиясы өз өндірісіндегі мультфильм туралы бірнеше айдан кейін желіде суреттің толық метражын жариялады

24 минутта адамдардан қорқатын шам туралы әңгіме айтылады. Бірақ досы үшін ол бәріне дайын екендігі бейнеленеді. Алайда, негізгі ой – бұл отбасылық құндылықтар, мейірімділік, сүйіспеншілік және өзара көмек, қазіргі таңда бұл адами қасиеттер бізде жетіспейтін тәрізді. “Shyraq” шағынметражды мультфильм Youtube-те 1,7 миллион қаралым жинаған, сонымен қатар бірнеше премияларға ие болған анимациялық мультфильм. Міне, енді тағы екінші мультфильмдері жарық көрді.

Жақында “ARA Studios” өзінің жаңа жобасының пилоттық сериясын шығарды – Shuaqty Mysyqtar. Ол тек 3 минутқа созылады. Бірақ аниматорларда осы 3 минутты жасау үшін бір жыл уақыт кетті. Мультфильм көпсериялы болады, әрқайсысы 10 минуттан және толығымен қазақ тілінде. Олар басты мақсаты Қазақстанда да анимациялық мультфильмдерді әлемдік деңгейде көрсету.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77