Іс-шара барысында оқушылар интелектуалды ойындар ойнап, білім көкжиектерін кеңейтті
Қалалық А.Пушкин атындағы балалар кітапханасында «Балалар кітабы» апталығы ұйымдастырылды. Іс-шараға №2 мектеп лицейінің оқушылары мен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кәсіподақ колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш кітапхана қызметкерлері мен кәсіподақ колледжінің студенттері жалмауыз кемпір, буратино, аю және басқа да ертегі кейіпкерлерінің костюмін киіп, оқушыларға жоғары көңіл-күй сыйлап, оларға көпке белгілі ертегілерден сұрақтар қойды.
– Қазір оқушылардың кітапқа деген құлшынысы жоғары. Олар осында келіп, кейбірі ұнатқан кітаптарын үйлеріне жаздырып алып оқиды. Бүгін біз «Балалар кітабы» апталығын өткіздік. Мұнда балалар электронды интелектуалды ойындарға қатысып, өздерінің білімдерін ортаға салды.
Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кітап көрмесін дайындадық. Көрмеге қойылған кітаптармен оқушыларды таныстырдық. Онда мемлекеттік рәміздер жайында, Тәуелсіздік туралы құнды дүниелер бар. Зер салып қараған жанның көңілінен шығары анық.
Міне, осындай шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын, – дейді кітапхана меңгерушісі Мариям Имаканова.
Ертегі кейіпкерлерімен бірге кітап әлеміне саяхат жасаған балар білім көкжиектерін кеңейтіп, уақыттарын қызықты өткізді.
– Мен бүгін буратиноның рөлін ойнап, балаларға көптеген сұрақтар қойдым. Олар мүдірмей жауап берді. Буратино өте көңілді. Балалардың досы. Оларға тек жақсылық тілейді. Сондықтанда балалар мені жақсы қарсы алды, – дейді кітапханашы Бибігүл Ажгалиева.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77