Образование

Латынға көшу 2023 жылдан бастап жүзеге асырылады

Жетілдірілген жаңа әліпби жобасы таныстырылды

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында өткен кеңесте «Қазақ жазуын латын графикасына көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында латын графикасындағы жетілдірілген қазақ тілі әліпбиі жобасы ұсынылған болатын.

Қостанайда «Латын графикасы жетілдірілген әліпби жобасы туралы» тақырыбында брифинг өтті.

– Бұған дейінгі ұсынылған әліпбилерден жетілдірілген жобаның ерекшелігі көп. Біріншіден, жоба әзірлеушілер тіл мамандары мен тілтанушы ғалымдар. Екіншіден, әліпби қазақ тілінің сөздік қорын толық қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 40-тан астам нұсқа қаралды. Жетілдірілген әліпбиде әріп саны 31 және «бір дыбыс-бір таңба» қағидасына сай әзірленген, – деп атап өтті спикер Кенжеғали Әмірғалиұлы.

Қарастырып отырған латын графикасында барлығы 31 әріп және 4 диакритикалық белгі бар. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ÿ) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген.

Айта кетейік, латын қаріпіне өту 2023 жылдан басталып 2031 жылға дейінгі аралықта толықтай қолданысқа енеді деп жоспарлануда. Толық латын графикасына көшкенге дейін кирилл қаріпі қатар жүргізіледі. Сонымен қатар, Кенжегүл Қабылғазықызы жұмыс барысында әлі де өзгерістер болуы мүмкін екенін еске салды.

Аяулым ЖАҢБЫРШЫҚЫЗЫ
Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77