«Мұғалім мәртебесі туралы» деп аталатын заң бойынша ұстаздардың құқығы қорғалады

«Мұғалім мәртебесі туралы» деп аталатын заң бойынша ұстаздардың құқығы қорғалады

Комментарии к записи «Мұғалім мәртебесі туралы» деп аталатын заң бойынша ұстаздардың құқығы қорғалады отключены
Загрузка...


Осылайша елімізде мұғалімдердің мәртебесін арттыру көзделіп отыр

«Ұстаз ұлы есім» дегенмен осы ұлы есім иегерлеріне құрмет жылдан жылға азайып бара жатқанын байқаймыз. Тіпті мұғалімді оқушы ұрып тастапты деген жаңалықты естіп, жағаамызды ұстаған кезіміз де болды. Бұл біріншіден ұстаз мәртебесінің табан асты болып кеткенін көрсетті.

Сағым болып алыста қалған балалық шағымызды еске алсақ, «Мұғалімің үйге қонаққа келеді» дегенде үйдің бетін көрместен далада жүретін едік. Ол кездер басқаша болатын. Ұстазды ата-анамыз да құрметтейтін. Әрдайым мұғаліміңе қарсы шықпа, айтқанын тыңда деп отырушы еді.

Қазір үйінде баласына осындай тәрбие беретін ата-ана бар ма екен деген ойда қаласың. Осындай түсінік болмаған жерде оқушы да өзін ұстаздан жоғары санайтын дәрежеге жеткендей. Оны қоя беріп, ата-ананың да оқуға ден қоймайтын баласының нашар үлгірімі үшін ұстаздарды кінәлап, жағалай арызданып жүретініне тағы не дерсің.

Міне, осы себептерден жылдан жылға ұстаздың мәртебесі төмендеп кеткен болар. Бір жылдары елімізде ұстаз бен дәрігердің жалақысы да өте төмен болды. Мұғалімдердің үстіндегі сапасыз киімдерді оқушылар келеке еткен кезеңнен де өтті. Осы мәселені ұстаздарға бірдей костюм кигізіп шешкендей болғанымыз да жасырын емес.

Ұстаздық ұлы жол десем де қате болмас. Бұл мамандықты таңдағандар бірінші кезекте өздерінің балаларын емес өзгенікін тәрбиелеп, оқытуға бел буады. Бұл әрине, оңай шаруа емес. Өзіне үлкен жауапкершілік алған жандарды сыйламау үлкен қателік болса керек.

Міне, еліміздегі соңғы жылдары белең алған осы мәселені Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да аңғарғаны болар, жақында «Мұғалімнің мәртебесі туралы» деген заң қабылдады.

Бұл заңның әр бөлімінен ұстаздарға деген қамқорлықты байқауға болады. Осы маңызды құжат толық қабылданғаннан кейін мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Еңбек демалысы 56 күнге көбейді. Сонымен қатар мұғалімдерге сынып жетекшілік және дәптер тексергені үшін төленетін қаржы да биыл айтарлықтай өскен.
Сондай-ақ заңның басты көздегені ұстазға деген құрметті артыру болып отыр. Ең бастысы мұнда мұғалімге тіл тигізгендерге салынатын айппұл тағайындалды. Бұл бірінші кезекте ұстаз мәртебесін арттыруды көздейді.

Мәселен, егер мұғалімді ата-ана немесе басқа топқа жататын жеке тұлға тілдеп, мәртебесін таптаса 80 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Егер бұл жағдай бірнеше рет қайталанатын болса, айппұл көлемі 106 мыңға көтеріледі. Осылайша үлкен айппұл салынып, оны төлемеген жағдайда сол адам 5 күнге қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ ұстазға кәмелеттік жасқа толмаған яғни оқушы тіл тигізетін болса 53 мың теңге айппұл салынады. Егер ол мұғалімнің алдында әдепсіз қылығын бірнеше рет қайталайтын болса, оның айыппұлы 80 мың теңге болады.

Міне, жаңа заңдағы мәліметтер осындай. Енді ұстаздың мәртебесі заңмен қорғалатынын ұмытпаған жөн. Осы заң арқылы ұстазға деген байырғы құрметті қайтара алатын шығармыз деп сенеміз.

Осы ретте біз қаламыздағы білімнің қара шаңырағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа арнайы барып, директоры Ырсалды Келінбердиевамен жолығып, осы заң жайында пікірін білген болтынбыз.

— Өзімнің бала кезімде ұстазға деген құрмет өте жоғары еді. Мұғалімді әрдайым өзімізге үлгі ететін едік. Соңғы жылдары ұстазға деген құрметтің құлдырап бара жатқанын сездік. Осындай кездері мұғалімнің мәртебесін көтеретін заңның шыққанын естіп қатты қуаныдым. Осылайша ұстаздың бұрынғы мәртебесін қайтаруға болады деп ойлаймын.

Бұл заң аясында білім беретін асыл жандарға жан-жақты жағдай жасалған. Әсіресе, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жалақысы өсті. Сонымен қатар мұғалімдердің құқығы заңмен қорғалатын болды. Бұл қазіргі біздің қоғамды өте маңызды болып отыр деп білемін. Осылайша педагогтардың беделі арта берсе деген тілегім бар.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерге деген құрмет ерекше болуы керек. Сондықтан аталмыш заң ұстаздардың мәртебесін көтеріп, қоғамда беделін арттырады деп сенеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись