Құқық қорғау органдарында жемқорлықты жою жұмыстары жүргізілуде
Соңғы бірнеше жылда 60-тан астам заң қабылданып, олардың әрқайсысы жемқорлықты азайтуға бағытталған.Қабылданған шаралар нәтижесінде әкімшілік кедергілер азайып, мемлекеттік қызметтердің сапасы жақсарды, есеп берілетін мемлекетке көшу қамтамасыз етіліп, үкіметтік емес сектормен әріптестік орнатылған. Бірнеше жыл ішінде құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы Салауат Мүксімов баяндады.
–Бүгінгі күні Қазақстанның жол полициясы шетелдік әріптестерінің тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта жұмыс істейді. Заңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері әкімшілік рәсімдерді цифрландыруды енгізумен, конституциялық жүргізу құқығына ие болды. Аавтокөлік құралдарының жол полициясы қызметкерлерінің негізсіз тоқтатылуы тыйым салынған, ол жол қозғалысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін, – деді Департамент басшысы Салауат Сыйлыбайұлы.
2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның қабылдануымен құқық қорғау органдары мемлекеттік қызметтің арнайы түрінің мәртебесіне ие болды, сондықтан бүгінгі күні құқық қорғау органдарында мемлекеттік қызмет стандарттары қолданылуда.
–Сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, қызметін асыра пайдаланғаны анықталған жағдайда барлық шаралар қолданылмақ. Ондайлар қатаң жазаланып, лауазымдарынан да босатылатын болады, –дейді Департамент басшысы.
Мысалы, 2019 жылдың 1-тоқсанында 278 азамат тестілеуден өтті, оның ішінде 129 (46%) белгіленген шекті мәндерден жоғары нәтиже көрсетті және 149 (54%) – шекті мәндерден төмен. 2018 жылдың сол кезеңінде тестілеуден өткен 667 адам, оның ішінде 338 (51%) белгіленген шекті мəндерден жоғары, ал шекті мəндерден 329 (49%) төмендеген.
–Ағымдағы жылдың мамыр айында. Ішкі істер органдарында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл бойынша 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, – дейді Салауат Мүксімов.
Елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету жолында елеулі қадамдар жасалынды.Қоғам құқық қорғау органдардан одан әрі жүйелі және жан-жақты іс-әрекет күтеді.Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар әр мемлекеттік органның және оның басшысының қызметінде басым бағыт болу қажет. Азаматтардың сенімін арттырып, сыбайлас жемқорлықтан, мемлекеттік қызметте туыстық және тамыр-таныстықтан арыла алған жағдайда еліміздің даму тағдыры оң өзгерістерге жетеді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77