Социум

Қостанайдың кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерінің төмендеуін қалайды

Бүгін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша семинар өтті. Барлығы талқыланған сұрақтардың бірі бөлшек салық мөлшері туралы болды.

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысында бөлшек салық мөлшерлемесін 4% да қалдыруды шешкен.

– Басқа қалаларда бөлшек салық мөлшері 2%-ды құрайды, неліктен бізде олардан көп. Сіздер кәсіпкерлердің басқа қалада тіркеледі деп қорықпайсыздар ма? – деген сұрақты қала тұрғындарының бірі кездесуде қойды.

– Қостанай қаласының кәсіпкерлері үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимі мөлшерлемесінің мөлшерін 4% – дан 2% – ға дейін төмендету мәселесі бойынша мәселе қарастырылған еді. Бізде бұл мәселені қолдадық. Алайда, осы жылы  4% болып бекітілген еді, – дейді  Қостанай облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жібек Сейтова.

Бұл сұрақ келген халықтың көбісін мазалады. Тіпті, жиналып митингке шығатындарын айтқан болатын. Алайда мамандардың айтуынша, бұл басқа қалаларда енді енгізілгендіктен, олардың жағдайын қарап, келесі жылдан бастап өзгерту енгізулері мүмкін.

 – Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қорытындысы бойынша Қостанай қаласының кәсіпкерлері үшін бөлшек салық ставкасының мөлшері депутаттардың көпшілік даусымен өзгеріссіз қалды. Енді тек келесі жылы, яғни 2025 жылдан бастап қана өзгертуге болады, – дейді Қостанай облысы бойыша Мемлекеттік кірістер басқармасының ТЖЖдБО басшысы Зарина Бекмұхамедова.

Айта кететін жайт, облыс әкімінің қабылдауында да салық төлеушілер келіп осы мәселені көтерген, ол жерде де “келесі жылы қарастырылады” деген жауап қайтарылды.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77