Тағылымы мол іс-шара

Тағылымы мол іс-шара

Комментарии к записи Тағылымы мол іс-шара отключены

Онда оқушылар өздеріне тың мәліметтер алды

Қаламыздағы «Южный» кітапхана – филиалының жазғы оқу залы «Open air»  жобасының аясында «Қымбат мұра» атты өлкетану калейдоскопті ашық аспан астында №23 орта мектебінің жанындағы лагерьге келетін  оқушылармен бірге өткізді.

Іс-шара барысында, «Жұлдыз» студиясының домбырашылары күмбірлете күй шертті.  Кітапхана қызметкері Қостанай өңірінде дүниеге келген атақты тұлғалар Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мәриям Хакімжанова жайында мәліметтерге тоқталып, жиналған оқушыларға олардың өмір жолы мен шығармашылығы жайында баяндап берді.

Педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин және Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжановаға байланысты тың деректерді Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының аға ғылыми қызметкері Роза Қуанова балалардың назарына ұсынды. Сонымен қатар мұнда «Ыбырай Алтынсарин — аса көрнекті педагог-ағартушы» атты жылжымалы көрме да жиналғандарға паш етілді. Онда қойылған музей жәдігерлерімен жан-жақты танысқан оқушылар мәз-мейрам болды.

Сондай-ақ балалар өлеңдер мен мысалдар оқып, викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтардың шешімін айтып жарысты. Осылайша тағылымды шарадан шәкірттер өздеріне көп мәлімет алып, уақыттарын тиімді өткізді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись