Біздің Қостанай Социум

Заманға сай өмір сүру басты талаптардың бірі

Қазіргі таңда платформаларда пікір қалдырудың жақсы жақтары өте көп. Осыдан біраз уақыт бұрын қаламыздың тұрғыны 2GIS платформасындағы пікір қалдырған жандардың арқарсында алаяқтардың қармағынан аман қалған. Содан соң мекен-жайына байланысты платформада пікірлерді қарап ол пирамида екендігі жазылғандығын көрген екен. Ол жерде жұмыс беруші саған емес, сен оған ақша төлеп, соңында барлық ақшаны тартып алған жағдайлар да болған.

2GIS платформасында орналастырылған рейтингтер мен шолулар тұтынушылар арасында брендті қабылдауды қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Интернеттегі рейтингтер мен шолулар сатып алушылардың шешімдеріне үлкен әсер етеді. Үлкен қалаларда қандай ғимарат болмасын барлық жерде пікір бар екендігін көре аламыз.

Ең алдымен компания туралы ақпарат іздегенде, олар назар аударатын алғашқы орындардың бірі-2GIS сияқты сайттардағы рейтингтер мен шолулар. Оң пікірлер сенім мен жағымды алғашқы әсер қалдырады, бұл жаңа клиенттерді тартудың шешуші факторы болуы мүмкін.
Рейтингтер мен шолулар компанияның өнімдерінен немесе қызметтерінен әлеуетті клиенттердің үміттерін қалыптастыруға көмектеседі. Оң пікірлер сатып алу тәжірибесінің оң болжамын тудыруы мүмкін, ал теріс пікірлер күмән мен бас тартуды тудыруы мүмкін. Бұл өте маңызды, өйткені алғашқы үміттер сатып алғаннан кейін клиенттердің қанағаттануына үлкен әсер етуі мүмкін.

Рейтингтер мен шолулар сатып алу туралы шешім қабылдаудың негізгі факторлары болып табылады. Тұтынушылар көбінесе өнімнің немесе қызметтің олардың күткеніне сәйкес келетіндігін анықтау үшін басқа пайдаланушылардың тәжірибесін бағалайды. Жоғары рейтинг пен оң пікірлер клиенттерді осы брендтің пайдасына таңдау дұрыс болатынына сендіреді.

Рейтинг неғұрлым жоғары болса және шолулар жақсы болса, компанияның жаңа клиенттерді тарту ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Оң пікірлер виртуалды «ұсыныс хатқа» айналады, назар аударады және брендке оң көзқарас қалыптастырады. Бұл әсіресе қазіргі цифрлық әлемде өте маңызды, мұнда пайдаланушының пікірі тез таралуы және айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

– Біздің басшы пікірлерге қатаң қарайды. Әрқашан оларды оқып, қадағалап отырады. Егер бір жаман пікір болса, онда бірден бізге келіп мән жайды егжей-тегжей сұрай бастайды. Әрине, сатып алушылар тарапынан дөрекілік болатын жайттар да жиі кездеседі. Дегенмен де, әр адамның көңілін таба білу керек екендігін басшымыз бізге әрқашан айтып отырады. Менің ойымша бұл дұрыс, өткені пікірлерді оқып, клиенттердің бізге деген сенімін көре аламыз. Рейтингтер мен шолулардың әсерін түсіну компанияларға өздерінің онлайн беделін арттыру. Кері байланысты қадағалау, оң және теріс пікірлерге жауап беру брендтің тұтынушылармен жақсы қарым-қатынасын сақтауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді “Iphone Kosta” дүкенінің қызметкерлерінің бірі Ақтоты Асқар.

Тағы бір мысал осыдан жарты жыл бұрын қаламыздың кафелерінің көбісінде қазақ тілінде мәзір болған жоқ. Содан платформада осы жайында бірнеше адам жазғаннан кейін дәмхана басшылығы қазақ тілінде мәзір әзірлеген болатын. Бұл дегеніміз дәмхана басшылығы тұтынушылардың жазғанына назар аударып, сонымен қатар жауап қайтарғандығын байқауға болады. Әрине, барлық адамдар пікірге мән бере бермейді. Қаламыздың аса көп адам бара бермейтін жерлерінде пікірлердің жаман екендігін көре аламыз. Мұнда басшылық платформаға шолу жасалмағандығы көрінеді.

Алайда, бұл қазіргі таңда аса маңызды аспекттердің ретінде қабылдаған жөн.

– Мен әрқашан ең алдымен пікірлерді оқып аламын. Қай жерге бармасақ та, қонақ үй, кафе, ресторан барлық жерге бармас бұрын қарап аламын. Өйткені, біз кафелерге болсын, басқа қаланың конақ үйлеріне барғанда ең алдымен демалу үшін барамыз емес пе, ал қызметкерлердің қарым-қатынасы, тағамның дәмінің онша емес болуы біздің көңіл күйімізге тікелей байланысты, – дейді қаламыздың тұрғына Арайлым Бақдаулет.

2GIS және осыған ұқсас платформалардағы рейтингтер мен шолулар компаниялардың маркетингтік стратегиясының ажырамас бөлігі болды. Олар тұтынушылардың қанағаттанушылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар сатып алушылардың шешімдеріне әсер ететін және компанияның бәсекелестік ортадағы жетістігін анықтайтын бренд туралы қоғамдық пікір қалыптастырады.

Бұл әсіресе қазіргі уақытта өте маңызды, өйткені қазіргі тұтынушылар сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын пікірлерді оқуға жүгінеді. Пікір алмасуға және тәжірибе алмасуға ұмтылу шолуларды бастапқы әсерлерді қалыптастыратын және өнімді немесе қызметті таңдау туралы түпкілікті шешімге әсер ететін маңызды ақпарат көзіне айналдырады.

– Мен үшін пікірлер қатты маңызды емес. Әрине, жақындарымның арасында оқып, қарап отыратын жандар бар. Бірақ өзім аса мән бере қоймаймын. Менің ойымша өзім барып, қарап көрген дұрыс сияқты. Мүмкін ол жерде тамақтары дәмді, бірақ даяршылардың қарым-қатынасы нашар шығар. Сондықтан адамға байланысты сияқты. Өзім барып көргенім дұрыс деп ойлаймын, – дейді қала тұрғындарының бірі.

Пікірлер бұл компания туралы клиенттердің пікірі. Олар басқа адамдарға орын таңдауда көмектеседі, ал бизнес иелері қандай жұмыс істеу керектігін және ненің керек болып жатқанын түсінеді.

Кері байланыс пайдаланушылардың таңдауына әсер етеді. Талдау көрсеткендей, адамдар өнімді немесе қызметті сатып алмас бұрын басқа клиенттердің пікірлерін оқиды. Егер компанияда үнемі пайда болатын кері байланыс көп болса, онда жаңа сатып алушыларды тарту ықтималдығы жоғары, адамдар жақында жарияланған жақсы пікірлерге сенеді.

Сонымен қатар, платформалардағы пікірлерді жою мүмкін емес. Шешімдердің бірі бұл клиенттермен кері байланыс ұстап, оларға жауап қайтару.
Біз бірнеше дәмханалар мен қонақ үйлердің пікірлерін оқып шықтық, соған байланысты қаламыздағы көптеген кәсіпкерлер оларға мән беріп, қадағалап отыратындығын байқадық. Мұны қазіргі замаңға сай бизнес жүргізу десек те болады. Әрине, кез-келген бизнесте клиенттермен жұмыс істеу кезінде олардың тарапынан негативсіз болмайды. Өйткені барлық адамға ұнау мүмкін бола беремейді. Дегенмен де, көңіл бөліп, пікірлірдің жақсы болуына назар аудару керек.

Пікірлер желіде брендті жылжытудың пайдалы әдісі ғана емес, сонымен қатар қызметтің немесе өнімнің өзін жаңартудың маңызды құралы болып табылады. Мониторинг жүйелерінің көмегімен клиенттерден фидбек жинай отырып, біз проблемалық аймақтарды анықтаймыз, содан кейін өнімді жақсарту бойынша іс-қимыл жоспарын құрамыз.

Қорытындылай келе, желідегі пікірлердің компания үшін пайдасы туралы айырмашылығына қарамастан, тұтынушы өнімді сатып алмас бұрын пікірлерді қарап, рейтингтер негізінде өз пікірін қалыптастырады деп айтқым келеді. Ғаламтордың есінде барлығы сақталатындығын ұмытпағанымыз жөн. Қазірден бастап заман талабымен өмір сүргеніміз болашақта да өз септігін тигізетіндігі анық.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77