Новости Правопорядок

Зорлық-зомбылықпен күрес – ортақ міндет

Зорлық-зомбылықтың басты құрбандары бірінші кезекте отбасы, балалар
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық олар шынында да, ауызша, эмоциялық немесе физикалық жолмен жасалған зорлық-зомбылық балаларға жағымсыз әсер етеді. Отбасындағы зорлық-зомбылық кәмелетке толмағандарға айтарлықтай әсер етеді және оларға физикалық немесе ауызша теріс пайдаланудың тікелей құрбаны болмаса да, олардың әсер етуі балалық шақта, жасөспірімде және ересек адамда үлкен қиындықтарға әкеліп соғады.

Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан кешіп жатқан балалар денсаулығына байланысты проблемалардан зардап шегеді. Айталық, мінез-құлық бұзылулары және эмоциялық жарақаттар деген секілді. Сонымен қатар, ересек адамдар да психикалық денсаулығына байланысты проблемаларда туындайды.

Психолог маманы Жансырым Жанмұратұлының айтуынша отбасыда зорлық-зомбылық көріп өскен бала қоғамдық ортада өзін жайсыз сезінеді.

– Отбасында тыныштық бұзылып, түрлі жаман қылықтар орын алған үйде тәрбиеленетін балалар көбіне-көп ұйқының бұзылуы, оқуды кешіктіріп, дамуы мүмкін болмай, тамақтану тәбеті бұзылып, агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына әкеліп соғады. Екінші жағынан дүрбелең тудыруы мүмкін алаңдаушылықтарға соғуы әбден мүмкін, отбасындағы зорлықтар баланың қатыгез болып өсуіне себеп болады. – дейді Сырым Жамұратұлы.

Сайып келгенде, отбасындағы зорлық-зомбылықтың басты құрбандары бірінші кезекте отбасы, балалар.

Мойындай керек, зорлық әлемнің барлық елінде кездеседі. Десек те, отбасы құндылығын сақтап қалу басты міндет. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда заңнаманы әрі қарай жетілдіру үстіне жетілдіру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі саудасы үшін жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

Пенде болып бұл өмірге келген соң асқақ армандар мен ізгі мұраттардың биігінде өмір сүруге толық құқығы бар. Адам ешқашан бұзақы, не болмаса қылмыскер болып тумайды, оны сондай жолға итермелейтін өскен ортасындағы теріс берілген тәрбие көрген қорлық. Отбасының баға жетпес құндылық екенін ұқпаған, оның қадір-қасиетін білмеген ата-аналар қатігез бала тәрбиелеп шығады. Ал, көкейінде, жүрегінде қатігездік орнаған адам өзінің өмірлік серігін, адал зайыбын, болмаса туыстары, достарын ешқашан бағаламайды. Дәл солай балаларына да мейіріммен қарамайды. Керісінше, бұл өмірдің бар «рахаты» арақ-шарап, секілді пендені аздыратын дүниелерді іздеп, онысына қарсы болған бала-шағасын ұрып соғады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77