Қостанайдағы Жастар сарайында Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара болды
Қостанай облысы бойынша мәдениетте, өнер де қызмет істеп жүрген 3 мыңнан астам адам бар екен. Араларынан дараланып, өнерге еңбегі сіңген, кітапхана мен музей қызметкерлері марапатталды.
Жаңа сарайда орын алған шараға қалалар мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылар, Қостанай облысының мәдениет үйлері мен орталықтандырылған кітапхана мамандары, әлеуметтік әріптестер мен еңбек арадгерлері жиналды.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиынды ашып, сөз сөйледі.
– Мәдеиет және өнер қызметкерлерінің мерекесі, елімізде жас мерекелер қатарында. Суретшілер, мұражай мен кітапхана қызметкерлері, мәдениет үйлерінің мамандары, ауылдық клубтар, көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық ұйымдардың өкілдері, мәдени бөлімдерден келген мамандар баршаларыңыз еңбегіне адал жансыздар. Сіздер өздеріңіздің жұмыстарыңыздың арқасында ұлттық құндылықтар саналатын, дәстүр мен құнды мұраларды берік сақтап, шағын Отанымыздың мәдени және рухани әлеуетін дамытуға зор ықпал етесіздер. Сіздердің жұмысқа деген шығармашылық ынта-жігерлеріңіз, қоғамдық сананы жаңғыртып, Елбасы айтқандай қазіргі заманға қабілетті, бәсекеге төтеп бере алатын қазақ мәдениетін қалыптастырады.
Аймақтағы 1632 клубта 22 мыңнан астам адам өнерін ұштап, шығармашылық қабілетін шыңдап жүр. Облысымызда жылда өткізілетін «Жас тұлпар» оқушылар айтысы, «Алтын микрофон» халықаралық байқауы, «Ғасырлар пернесі» ансамбльдер фестивалі, «Джаз Бомонд» фестивалі шығармашыл адамдардың өнерін шыңдауға серпін беріп, жаңа есімдердің шығуына ықпал етіп келеді. Былтыр облыс орталығында өткен республикалық айтыс елдің рухын жоғары көтерді, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Шара барысында мәдениет саласының екі үлкен маңызды оқиғаларының қорытындысы жаряланды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық форумының облыстық кезеңінің және Қазақстандағы Жастар жылына арналған ХХХІІІ «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің қорытындысы белгілі болды.
Мәдениет саласына еңбегі сіңіп, дамытуға үлес қосып жүрген біршама қызметкерлер осы ретте марапатқа ие болды. Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен облыстық Е.Өмірзақов атындағы филармонияның солисі Манапбек Кәдіров марапатталды. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Галина Саталкина да ие болды.
Осы бағытта, «TURGAY DISKOVERY» Торғай геоглифтерін ашқан зерттеуші, ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, Дмитрий Дейге «Үздік өлкетанушы» белгісі табыс етілді.
Биылғы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» ХХХІІІ облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің қорытындысы бойынша ІІІ орын иеленген Федоров, Қарабалық, Амангелді аудандары мен Қостанай қаласы ие болды. Олар дипломмен және әрқайсысы 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Марапатталушы әр қызметкерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйақылар, диплом, құрмет грамоталары табыс етілді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77