Қостанайда ұлттық (этникалық) театрларының фестивалі өтті
Бұл фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Осындай мәдени фестивальдер Отанымызда өмір сүріп отырған және еңбек жасап жүрген әр ұлт өкілдерінің бүгінгі заманғы таланттар шоғырын көруге жол ашатын, айтулы оқиға. Олардың шығармашылық ізденісін белгілі деңгейде қорытындылау сараптау, бағалау, өзге ұлттың мәдениетіне жақындаудың, танып-білудің мүмкіндігі болып табылады.
– Біз үшін өте қуанышты күн, өйткені Қостанай өңірінде алғашқы рет республикалық фестиваль өткізіліп жатыр. Бұл фестиваль осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Сол себепті Қостанай өңірінің басшылығына зор алғыс айтамыз.
Осы орайда, әр өңірде өткізілетін бұл фестивальдің мақсаты – елімізде алты тілде сөйлейтін театрлардың өнерін таныстыру. Ол дегеніміз этник+алық отанынан тыс жерде қызмет атқарып жатқан ұйғыр, корей, өзбек, неміс тағыда басқа театрлардың қазақ елін өздерінің өнерімен сусындатып жүргендігін сіздергеде көрсеткіміз келеді.
Сондықтан, фетивалден осы театрлардың сіздерге өз ана тілдерінде ұсынатын қойылымдарын көруге үлкен мүмкіндік бар, – деді ҚР Мәдениет және спрот министрлігі кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы, мәдениет саласының үздігі Гульнафис Мырзашева.
Сондай-ақ, Гульнафис Советханқызы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың фестиваль қатысушылары мен қонақтарына деген ізгі лебізін оқып берді.
Осы жолғы ісшара жерлесіміз, кино және театр саласының саңлағы, Қазақ КСР Халық әртісі Елубай Өмірзақовтың 120 жылдық мерейтойымен қатарлас келіп отыр. Мерейтой қарсаңында ұйымдастырылып отырған шара – актерлер мен режиссерлердің тәжірибе алмасып, шығармашылық дамуларына зор септігін тигізбек.
Қостанайдағы фестивальге Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Қостанай облыстық орыс драма театры, Шымкент қалалық өзбек драма театры, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрлары қатынасып отыр.
–Қасиетті Тобыл-Торғай өңіріне қош келдіңіздер. Өңірдің тарихынан сыр шертіп, үш күннің ішінде тек қана сахнада өнер көрсетіп қоймай, еліміздің-жеріміздің тарихынан тәлім алып, етене таныса түсулеріңізге сеніміміз мол. Біз сол үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Ұйымдастырылып отырған фестивальге облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің өзінің ыстық ықыласымен құттықтауын жеткізгім келеді. Әрине, фестиваль – сіздерге жаңа шығармашылық, үлкен ізденістер, танылуға зор мүмкіндік, толағай табыстарға жетелейтіні сөзсіз. Біз тек қана сәттілік тілейміз, – деді Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Осылайша, төрт күнге жалғасқан театрлар фестивальінің сапалы дүниелерін арнайы тағайындалған әділ-қазылар саралап отырды.
Нәтижесінде «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша Н.Садурдың «Панночка» спектакліндегі Явтух рөлі үшін Қостанай облыстық орыс драма театрының актері Олег Смирнов марапатталды. Сондай-ақ, «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Дуняша рөлі үшін Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Назира Иман иеленді. Шымкент қалалық өзбек драма театры «Қасқыр ұлыған түн» спектаклі үшін «Көрермен көзайымы» номинациясын еншіледі. «Үздік сценографиялық жұмысы» номинациясы бойынша Н.Садурдың «Панночка» спектаклі үшін Қостанай облыстық орыс драма театры марапатталды.
Тағыда, «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Агафья Тихоновна рөлі үшін Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Диана Тұрсынованың еңбегі бағаланды. Қара шаңырақ әртісі, ҚР еңбекі сіңірген мәдениет қайраткері, Қонысбек Бегайдаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Подколесин рөлі үшін марапатқа ие болды. Фестивальдің «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша Ядкунжан Шамиев «Апат» спектаклі үшін еншілесе, «Үздік спектакл номинациясы бойынша» «Поэма о любви» спектаклі үшін Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының бағы жанды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77