Мереке өтті, енді көгалдандыруға көңіл аударылмай ма?
Байқағанымыздай, Жеңіс саябағында 9 мамырға дейін барлық жұмыс жүргізілді. Гүлдер отырғызылды, көшеттер уақытылы суарылды, бірақ қазіргі уақытта саябақтағы көкшөп кеуіп, сарғайып кетті, оны кім бақылауда. Тек саябаққа кіретін басты алаңға ғана көңіл бөлінуде. Осы мәселе төңірегіндегі сұрағымызды “Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне” жолдап көрдік. Алайда, олардың жауабы тендерді «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» жеңіп алған, сұрақ тікелей соларға қатысты екендігін білдірді.
Айта кететін жайт бұрын барлық саябақтарда көгалдар отырғызылып, суарылып, күтілетін. Ол үшін орталық алаңда және Жеңіс саябағында тіпті суару жүйесі қарастырылған.
– Саябақ бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Гүлдер күн сайын суарылады. Көгалдар тиісті жерлерге отырғызылды. Бүгінгі таңда суару қуаты жеткіліксіз. Қазіргі уақытта Жеңіс саябағын автоматты суаруды бөлу бойынша жобаны дайындау жұмыстары жүргізілуде, – деп жауап берді “Қазақстанның саңыраулар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны” мекемесі басшысы Александр Воронцов.
Өкінішке орай, бұл мәселенің шешімі мардымсыз болып тұрғаны қынжылтады. Алайда, саябақтың күтімі тек мереке қарсаңында ғана жүзеге асуы керек деген сөз емес. Қалай болғанда да қомақты қаржы бөлінгеннен кейін көрсетілетін қызметте соған сай болуы тиіс.
Қоғамның өміріне бей жай қарамай, егер сіз деқаламызға қатысты мәселені байқасаңыз оның шешілуіне өз үлесіңізді қосыңыз.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77