Біздің Қостанай

«Наурыз достарын шақырады»

Қостанайда ІІ Халықаралық би өнерінің on-line фестивалі өтеді

Қостанайда наурыздың 21-22-сі күндері «Наурыз достарын шақырады» атты хореографиялық шығармашылық топтың ІІ Халықаралық on-line фестивалі өтеді.

Осы жолғы би өнерінің ауқымы кең, мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – Қостанай облысының әкімдігінің білім және мәдениет басқармалары.

Басты мақсат – балалар және жастар хореографиялық шығармашылығын насихаттау және қолдау көрсету, сондай-ақ ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту.

Фестиваль болғандықтан үздіктерді анықтап қана қоймай, тәлім-тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту міндеті тұрғандығын айтады ұйымдастырушылар. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова сынды ТМД елдерінен 36 балалар мен жасөспірімдер ұжымдары қатысады.

Алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған бұл шараға Қазақстан мен Ресейден 10-нан астам ұжым қатысқан. Ал, өткен жылы елдегі індетке байланысты фестиваль өтпей қалды.

Есесіне, ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай, онлайн форматта болса да, ауқымы кең.

Қостанай облысынан 4 ұжым: «Карнавал», Қостанай педагогикалық колледжінің ансамблі, сондай – ақ Арқалық пен Жангелдин ауданының қатысушылары «Ақбота» және«Еркеназ» қатысады. Олардың әрқайсысы 2 биден орындайды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77