Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
НАШ КОСТАНАЙ   1 от 06-01-2017
  10-01-2017 16:24
» назад   
Немесе қалалық мешіт қызметкерлерінің игі істері

Жетім балаларды қуанышқа бөледі

Немесе қалалық мешіт қызметкерлерінің игі істері

Баршаға мәлім, Қостанай қалалық мешіті қашанда қайырымдылық істерде мұрындық болып халықтың шынайы алғысына бөленіп келеді.


Өйткені олар осы күнге дейін түрлі мекемелерге барып,  қайырымдылық шараларын өткізді. Мәселен, жетім балалар және жасөспірімдер үйлеріндегі ұл мен қыздар ерекше қуанышты бастан кешіп, дән ризашылығын білдірді.


Тағдырдың жазуымен жастайынан ата-анасынан ажырап, мейірім мен жылы сөзге мұқтаж жандарға қандай көмек берсе де жарасады емес пе.


Жуырда жоғарыда аталған киелі орынның қызметкерлері  Қостанай шаһарындағы облыс әкімдігі білім басқармасының  жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп жатқан №2 мектеп-интернатында болды.


Онда ұлы Пайғамбарымыздың туған күні яғни Мәуліт мерекесіне орай қалалық мешітінің ұжымы атынан 25 мың теңгенің сыйлығы тапсырылды.


Осында ұл мен қыздар өздеріне табыс етілген ойыншықтар мен тәтті тағамдарды алған кезде қуаныштан жүздері бал-бұл жанды.


Балдырғандар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, өлең  оқыды, әсем әндерді орындады. Әрине, сол сәтте оған куә болған жандар мына дүниеде балалардың қуанышынан артық ештеңе жоқ екендігіне көздері айқын жетті.


Сондай-ақ мешіт қызметкерлері облыс орталығындағы №3 балалар үйіне де атбасын бұрып, Мәуліт мерекесіне байланысты ондағы бүлдіршіндерге сыйлық табыс етті.


Другие статьи этого номера



Поделиться в соцсетях:
Комментарии     (1-0) из 0
страницы:
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :




Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31











Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"