Новости

26 шәкіртке арнайы сертификаттар табыс етілді

Жазғы діни сауат ашу курсының берері мол

Әр жыл сайын облыстық мешіттің сауат ашу курстарында жасөпірімдерге арналған жазғы сабақтар өткізіліп тұрады. Міне, биыл да жазғы демалысы болса да, мешіттің тұрақты яғни жылда қатысып жүрге жас шәкірттері және басқа да ықылас білдірген балалар маусым айының 10-30 аралығында 20 күндік сабаққа қатысты.

Дәстүрімізде және Ислам дінінде бала тәрбиесінің орны ерекше екендігі баршаға мәлім. Исламмен ұштасып жатқан дәстүріміз де баланың өзін жаратқанды тануына, ақ пен қараны айыруына, үлкендерге деген сый-құрметінің жоғары болуына айрықша мән береді.

Осы орайда қатысушыларға жалпы қасиетті Құранның әліппесі,  Пайғамбарлардың өмірбаяны, 100-сұрақ секілді ақпараттық дәрістер өткізілді.

Биылғы жылы барлығы 26 бала тәлім-тәрбие сабақтарына қатысқаны үшін арнайы сертификатқа ие болды.

Жалпы, облысымыз бойынша сегіз мешітте жазғы діни сауат ашу курстары өткізілді. Ондағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа дәстүрлі дініміздің тура жолын көрсету.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77