Новости

«Qorgau» жобасы

 Өз құқығыңызды қорғай біліңіз

Елімізде азаматтардың құқығын қорғауды қаматмасыз ету мақсатында қол жетімді және тегін инфрақұрылымды жасауға жағдай жасалуда.

Сонымен қатар, 200-ден астам өзекті бағыттағы әлеуметтік осал тұрғындардың құқықтарын қорғау алгоритмдарымен арнайы сайт және мобилді қосымшасын әзірлеуге бағытталған  «Qorgau» жобасы бастау алды.

Бұл «Qorgau»  ауқымды жобасы  ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен «Бірінғай Call-орталық құру арқылы Құқыққорғаушы кешенді жобаның іске асырылу» гранты шеңберінде «Eurasian Expert Council» Қоғамдық Қорымен  іске асырылғалы отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – қиын жағдайға түскен тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру, консультациялық қолдау көрсету.

Жасы бойынша шектеусіз халықтың осал топтарына заңгерлік көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда жалпы халық тарапынан құқығын толық білместік, болмаса өз құқығын тиісті жерде заңдық тұрғыдан қорғай алмауымен ұшырасып жататынымыз жасырын емес.

– Қазіргі уақытта біз тұрғындардың құқықтық сауатсыздығымен жиікездесеміз, азаматтар ақпаратты әлеуметтік желілерден алады, кей кезде ондағы ақпарат шындыққа жанаспайтын жалған болуым әбден мүмкін, – дейді «ГрИн» Қостанай облысы Азаматтық альянсы» ҚҚ зангеріМұратхан Бахытжанұлы.

Соған байланысты жобаны  жүзеге асыру шенберінде осы жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанның бүкіл қала және аудандарында 210 заңгерлік кенес беру бөлімдері ашылады, бұл бөлімде әр адам азаматтардың құқығын қорғаудың негізіг бағыттары бойынша тегін құқықтық қолдау алады.

Қостанай облысында да осындай орталықтар Жастар ресурстық орталықтарында ашылады, оларға арнайы жұмыс жасайтын орындар дайындалған.

Жоба шенберінде заң факультетінің студенттеріне арналған тәжірибелік стажировка ұйымдастыру, «әлеуметтік» заңгерлер қаумдастығын құру, «Сөйле!» әлеуметтік акциясын ақпараттық-түсіндіру жүргізу және отбасымен некенін он үлгісін қалыптастыруға бағыттлаған бір қатар іс- шаралар қарастырылған.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77