Новости

Банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы несиелері өтелген азаматтар қуанышқа кенелуде

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» деп аталатын ҚР Президентінің Жарлығы бойынша бүгінде арнайы аталған әлеуметтік топқа жататын қазақстандықтардың несиелері толығымен төленіп жатқаны белгілі

Жарлық бойынша, кепілсіз тұтыну несиелері бойынша мынадай жағдайларда өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылданады: Аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,  атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан  кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, Қарыз бойынша  жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса; Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша  біржолғы тәртіпте шаралар қабылданған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік науқан кезінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берген еді. Сол өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштер.

Осы халықтан келген өтініштерге байланысты бүгінде қоғамда әлеуметтік көмекке зәру деп танылған отбасылардың алған несиелері толығымен жабылып, оларға айтарлықтай көмек көрсетіліп жатыр. Осы ретте ай сайын несие төлеп, балаларына жеткізе алмай отырған көп балалы отбасылардың да еңселері көтеріліп қалды десек артық айтпаған болармыз. Осындай көмекке ие болған жандардың бірі 5 баланың әкесі Ғалымжан Нұрғалиев.

– Осыған дейін отбасымыз мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алып келеді. Үйде мен ғана жұмыс істеймін. Жарым Айнаш бала күтімімен үйде отыр. Бес баланың тамағы, киім-кешегі көп қаражатты керек етеді. Сондықтан бізге үкімет тарапынан ай сайын әлеуметтік көмек төленеді. Сол қаражатқа жақында балаларымызды бастан-аяқ киіндіріп, оқу-құралдарын алып мектепке апардық.

Енді міне, жақында банктен қаржылай алған несием толығымен жабылғанын білдім. Бұл үкімет тарапынан біз сияқты көп балалы отбасылар үшін көрсетіліп жатқан үлкен көмек деп санаймын. Сондықтан халыққа осындай қолдау танытып отырған мемлекет басшыларына дән ризамын,-дейді ол.

Қазірде банктер мен микроқаржы ұйымдардың алдындағы несиелері жабылып, қуанышқа кенеліп жатқан жандар өте көп. Олар өздерінің осындай бақытқа ие болғандары үшін, бірінші кезекте үкімет басшыларын өздерінің алғыстарын білдіріп жатыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77