Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Ертең сәрсенбі 31 шілдеде 3:00-ден 17:00-ге дейін теледидар мен радио жұмыс істемейді.
Бұл уақытта еліміздегі сандық және аналогтық эфирлік желісінде теледидар мен радионың жабдықтық өлшемдерін бақылау мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, – делінген «Казтелерадио» сайтында.
Тоқсан сайын телерадио хабар таратудың сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп тұратын техникалық жұмыстар болып табылады. Бұл жұмыстар жоспар бойынша үстіміздегі жылдың 17 шілдесінде жүргізілуі тиіс болған, бірақ оның кейінге шегерілгені күн бұрын халыққа хабарланған.
Сондықтан үйлеріңізде жергілікті және басқа да телеарналарды көреалмай, радиоқабылдағыштан ән тыңдай алмай жатсаңыздар ештеңеге алаңдамаңыздар.
Теледидар мен радио қызметтері толық бақылаудан өткеннен кейін қайтадан өз жұмысын жалғастыратын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77