Осылайша нәзік жандылардың көңілін көтеріп, бір қуантып тастады
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық онкологиялық диспансеріне барды.
Ондағы мақсат науқастанған әйелдер қауымына құрмет көрсетті. Сол жерде емделіп жатқан 15-тен асатын әйелдерге арнайы гүл шоқтары таратылып, жазылып шығуларына тілектерін білдірді.
Бұл олар үшін күтпеген қуаныш болды. Оларға Бас имам Шоқан Ғазизұлы жүрекжарды лебізін білдіріп: «Барлық аурудың еміне шипа Жаратушы Иеміз екендігі хақ. Сіздер үшін тез арада сауығып отбасыларына оралуларыңызды Алладан сұрап дұға етеміз»,- деді.
Осындай игі шаралар науқастанған жандардың көңіліне ерекше әсер етіп бір қуантып тастады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77