Новости

«Біздің Би-аға» атты жыр жинағы жарық көрді

Онда көрнекті ақынның өлеңдері мен жастардың жүрекжарды шығармалары көрініс тапқан

«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» деп жырлаған көрнекті ақын Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойы аясында оқырман қауымға  «Біздің Би-аға» атты жыр жинағы жол тартты.

Бұл кітапқа қостанайлық қаламгерлердің Б.Майлинге арналған жырлары және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Біздің Би-аға» республикалық жыр мүшәйрасына елдің әр түкпірінен келіп қатысқан ақындардың туындылары топтастырылған. Қалың оқырманға арналған жинақ аталмыш басқарманың мұрындық болуымен жарыққа шығып отыр.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованың айтуына қарағанды, бұл өлең жинағының мағынасы тереңде жатыр. Мұндағы кестелі жырлар кез-келген жанның қызығушылығын оятады. Әсіресе, ұйқасы мен мағынасы үйлескен шығармалар жастарға ерекше әсер қалдыруда. Олар Алаш қайраткерінің шығармашылығымен етене танысып, жас ақындардың да жүрекжарды  жырларына ден қоюда.

Міне, осындай керемет дүниенің бетін парақтаған жанның рухани байып қалары анық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77