Новости

Оқу курсын аяқтаған 300-ге жуық тыңдаушыға сертификат табыс етілді

Мұндағы басты мақсат тіл мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 қаңтарында Ө.Сұлтанғазин атындағы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық департаменттердің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Тілдарын» орталығының оқытушылары қатысты.

Жиын барысында, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және қолданыс аясын кеңейтуге қосқан ерекше үлесі үшін тілдерді оқыту орталығының оқытушыларын, «Үздік мекеме» номинациясы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменттіне Алғыс хаттар табыстады.

Аталмыш шараға атсалысқан басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованы сөзге тартқанымызда:

-Өңірімізде жылдан жылға тіл мәртебесіне ден қоюшылардың саны артып келеді. Бұл дегеніміз бірінші кезекте тілдің болашақта дамып, беделінің арта түсетінін көрсетсе керек. Сондықтан тіл ұлттың басты байлығы екенін естен шығармаған абзал,- деді.

Сонымен қатар мұнда тілдерді оқыту курсын аяқтаған 300-ге жуық тыңдаушы сертификатқа ие болды. Аталмыш іс-шара марапаттау сәтінен кейін мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77