Новости

Облыста жас кәсікерлердің жобасы мол қолдауға ие

Өңірде шағын несие алып кәсібін ашқандар саны артып келеді

Өткен жылы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында «Еңбек» жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында қалаларға шағын несие беру жалғасын тапқан. 2018 жылғы игерілген қаражатты ескере отырып, жалпы дамытуға 1 301,2 млн теңге қарастырылған, оның ішінде 1 051,2 млн теңге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша, 250 млн теңге «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жүзеге асқан.

– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп құрылған жоспарға сәйкес қалаларда 143 шағын несие беру керек болды, оның ішінде 126 несие екінші деңгейлі банктер арқылы берілді. 17 несие «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жүзеге асырылды, – деді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Олжас Сапарбеков.

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарына сәйкес «Даму» қорының жедел ақпараты бойынша 1 244,2 млн теңгеге 142 шағын несие берілген. Республиканың аймақтарының ішінде Қостанай облысы микрокредиттер саны бойынша да, көлемі бойынша да 6-шы орында.

– Қостанай қаласы микрокредиттер саны бойынша да, мөлшерінде де жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Жалпы, бағдарламаны іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сонымен, «Даму» қорының аймақтық филиалының мәліметінше, 2019 жылдың 11 айында облыс қалаларында шағын несие алушылар саны 46-ға жетіп, жаңа жұмыс орнын құрып, 230-ға жуық жұмыс орны үнемделген. Бағдарлама шарттарына сәйкес жұмыс орындарын қаржыландыру алғаннан кейін 1 жыл ішінде құруға болатындығын атап өткен жөн. Микрокредиттің арқасында қалаларда 27 стартап-жоба іске қосылды. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлердің (29 жасқа дейінгі) 13 жобасы қолдау тапты, – деді басқарма басшысы.

Қостанай қаламызда шағын несие алып кәсібін ашқандар баршылық. Айталық, «Қабылтаев» жеке кәсіпкерлігі кафе ашу үшін «ForteBank» АҚ 16 млн теңге көлемінде шағын несие алған. Жеке кәсіпкерлік «Нұркин» арнайы техникалар қызметін ұсыну үшін 15,5 млн теңгеге «Халық банкі» арқылы несие рәсімдеген. Сонымен қатар, шағын несиенің бірі NEET жастар категориясы арқылы «Версаль-Спецторг» жеке кәсіпкерлікке несие берілді. Несие «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы 3,7 млн теңге рәсімделген. Бизнес-жоба бөлшек сауда орнын дамытуға бағытталған, қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77