Новости

Облыстық мешітте «Донор күні» ұйымдастырылды

Онда 30 кісі парасаттылық танытып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық мешітте қан тапсыру науқаны ұйымдастырылды. Оған мешіт қызметкерлері мен жамағаттар белсене ат салысты.

Бұл ізгі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналды. Сөйтіп 30 кісі жоғары парасаттылық танытып, ұйымшылдықтың нағыз жарқын үлгісін көрсетті.

Қостанай облыстық қан құю орталығы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай бастамалар мешіт тарапынан жақсы қабылданып, қашанда жүректерге жылулық ұялатады және қанға зәру азаматтарға септігін тигізуге деген ықыластары қуанышқа бөлейді.

Облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай өз еркімен қан тапсырған жандардың сауабы мол болатынына тоқталды.

Жүрегі кең өзгеге қолұшын созуды өздерінің парызы деп білетін өнегелі жандардың бұл ісі үлгі тұтарлық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77