Новости

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Жұмақтың кілті-Намаз» атты уағыз айтылды

Онда жиналған қыз-келіншектен көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі тапсырмалары аясында еліміздің барлық мешіттерінде тұрақты уағыз-насихат жүргізіліп тұрады.

Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде бесін-ақшам уақыттарында және де халықтың сұранысы бойынша да өзекті тақырыпқа арналған басқосулар да ұйымдастырылуда.

Міне, жақында қыз-келіншектер жамағатының өтініштеріне байланысты келелі кездесу өткізілді. Бұл кездесуде найб имам Бақберсін Ізбасаров «Жұмақтың кілті-Намаз» тақырыбында уағыз айтты.

Оған 30-дан астам әйелдер-қыздар қатысты. Мұнда найб имам намаздың маңыздылығы жайында баяндай келіп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуына қарағанда, соңғы жылдары діни сауатын ашсам деген жандар саны артып келеді. Олардың қатарында нәзік жандыларда аз емес. Осы ретте мешітке арнайы келіп, өздерінің діни сауатын ашып, білім көкжиектерін кеңейтіп жүргендердің өмірден ұтары мол.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77