Бүгінде үш бағытта жүргізілетін курстардың бағдарламасы толық дайын
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 3 ақпаннан бастап І жартыжылдықта 3 бағыт бойынша оқыту курстары басталады. Оқу курсы маусым айының басына дейін жалғасатын болады. Курстар аяқталғаннан кейін маусым айының ортасында білімдерін тексеретін бақылау өткізіледі. Бақылау тапсырғандар жаз айында демалысқа кетеді. Оқыту курсының ІІ-ші жартыжылдығы қыркүйек айында басталып, қарашаға дейін жалғасады. Қарашада қорытынды бақылау өткізіледі. Бақылауларда білімділіктерін танытқандарға сертификаттар табыс етіледі.
Аталмыш орталықтың басшысы Жұлдызай Ербатырованың айтуына қарағанда, қазіргі таңда оқу курстарының бағдарламасы толық дайын. Орталықта жұмыс істейтін 6 мемлепкеттік тіл, 2 ағылшын тілі, 2 этникалық топтарға арналған тілдерді толық меңгерген оқытушылар да үлкен дайындық үстінде.
Биыл орталыққа қазақ, ағылшын, татар, башқұрт, армян, поляк, неміс, түрік тілдерін үйренсем деген азаматтардан өтініштер түсіп жатыр. Алдағы уақытта осы тілдерді оқыту курстары өз жұмысын бастайды.
«Көп тіл білген, көпті ілер» демекші, тіл үйренемдеушілерге «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының есігі айқара ашық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77