Новости

Жәрмеңке – халық игілі үшін

 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты

Облыс көлемінде жыл басынан бері 288 жәрмеңке өткізілген, онда 1,6 млд теңгеге өндірушілердің бағасынан 15-20%-ға төмен, 3,7 мың тоннадан астам өнім саудалаған. Қостанай орталығында алты жәрмеңке ұйымдастырлып, халық арзан баға алаңында өндірушілердің өнімін тұтынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын  тұрақтандыру мәселесі бойынша атпа сайын жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Бағаның ауытқуын мониторингілеу және бақылау мақсатында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы апта сайын статистика деректер базасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің асуына ұдайы мониторинг жүргізеді.

– Шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылдау үшін облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия құрылды. Облыста 2018-2019 жылдарға арналған, азық-түліктің 14 атауынан тұратын, жалпы сомасы 968 млн теңге 6,4 мың тонна өнім 100% көлемінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры 2300 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 519,6 тонна қант, 100 тонна күнбағыс майы, 10 тонна сары май, 30 тонна сүт, 200 тонна сиыр еті, 900 тонна ұн, 40 тонна күріш, 20 тонна қарақұмық жармасы, 400 тонна пияз, 450 тонна қырыққабат, 100 тонна рожки және 11,5 млн дана жұмыртқа жеткізілді, – дейді «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Таукенов Жансұлтан Қоңыртайұлы.

Қостанай қаласының супермаркеттерімен ең төменгі сауда үстемесін көрсете отырып, делдалсыз қантты, жұмыртқаны, картопты, сәбізді, пиязды, қырыққабатты және 1-сұрыпты ұннан нанды тікелей жеткізу туралы шарттар жасалған. Айталық, «Дамир» ЖШС, «Жас-Қанат» 2006 ЖШС, «Север птица» ЖШС, «Садовод» ШҚ, «Алтын нан» ЖШС, «Азия» ЖШС және «Коваленко» ЖК сынды кәсіпорындарымен жүйелі жұмыстар атқарылды.

Өз өнімдерін сату үшін жергілікті тауар өндірушілерге 208 сауда орны бөлінді, 120-дан астам сауда сөрелері ұйымдастырылды. Айталық, «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Садчиковское» ЖШС, «Жас Қанат» ЖК, «Север птица» АҚ, «Коваленко» ЖК, «Березка агро» ШҚ» сынды тауар өндірушілер өнімдерін халыққа ұсынды.

Қостанай және Рудный қалаларында «Лидер 2010» ЖШС, «Карагулина» ЖК, «Разумович» ЖШС, «Жас Қанат 2006» ЖШС шыны сөрелері бар фирмалық павилион-бутиктерді ашты, «Садовод» ШҚ (4 дүкен), «Особа» СҮ, «Баян Сұлу» АҚ, «Азия» СҮ өз өнімдерін сататын сауда үйлерін салды.

Ағымдағы жылдың жеті айында қаржыландыру жоспарына сәйкес 18,5 млрд теңге төленді, ол жылдық жоспардың 58%-тін құрайды. Қалған қаражат ағымдағы жылдың соңына дейін игеріледі деп отыр сала жетекшілері.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77