Новости

Қостанайда қалалық жігіттер сайысы ұйымдастырылды

Қостанайлық арлан жігіттер білім мен біліктіліктерін ортаға салды
Қостанай қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Мирас» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты қалалық жігіттер сайысы өтті.

Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасында ұл баланың дүниеге келуі ерекше болып саналған. Оның себебі ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ер бала болып есептелінген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

Көпке үлгі болсын деген мақсатта ұйымдастырылып отырған шараға қалалық мекемелердің жігіттері қатынасты. Айталық, «Қостанай-су» коммуналдық кәсіпорынының қызметкері Алпыс Абзал, №2-ші емхана коммуналдық мекемесінің әлеуметтік қызметкері Бағдат Ғайдарұлы, ҰҚК Шекара қызметі 2031 әскери бөлімшесінен Жарқын Қанатұлы, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-ші курс курсанты, полиция кіші сержанты Рүстем Жанайұлы, Әуежай ықшамауданында орналасқан №29 мектептен Есен Шакибаев, Қостанай қаласының әкімшілігінен Жәнібек Талғатұлы сынды айбарлы жігіттер бас сынасты.

Алғашқы кезек өздерін таныстырудан басталды. Кей жігіттер өздерін қазақтың қасиетті аспабы домбыраны қолға алып таныстырса, енді бірі өлеңдетіп таныстырып жатты.

– Байқауды Жастар жылымен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық жігіттер сайысын өткізіп жатырмыз. Қостанай қаласы әкімдігі Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы ұйымдастырушы болып табылады. Байқауға қалалық мекемелер арасында алты жігіт қатынасып отыр. Байқауда таныстыру, өз өнерін көрсету, гір тасын көтеру, бата беру, сұраққа жауап беріп сайысқа түспек, – деді ұйымдастырушылардың бірі Ләззат Аралбайқызы.
Екінші кезең бойынша жігіттер өз өнерлерін көрсетсе, үшінші кезеңде гір тасын көтеріп күш сынасты. Төртінші кезеңде бабадан бүгінге жеткен игі іс бата беріп рухани құндылығымды дәріптеді.

Нәтижесінде, сайыс болған жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні анық. Қазылар алқасының шешімі бойынша пайымы мен парасаты сай келген, өзгелерден дараланып оқ бойы озып отырған қатысушы Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Қостанай академиясының 3-ші курс курсанты, полиция кіші сержанты Рүстем Жанайұлы бас жүлдеге лайық деп танылды. Өзге қанытасушылар да номинациялар бойынша бағалы сыйлықтарға ие болды

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суреттерді түсірген Валентина ШТРО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77