9 мая

«Кімнің ұрпағы екеніңді айтып бер!» байқауының қатысушысы Айтуар Карпиков атасы Қабден Таласбайұлы жайлы баяндайды

1944 жылы 25 қарашада атасы соғысқа аттанғанда 18 жаста болғандығын айтады

Менің атам Карпиков Қабден Таласпайұлы – 1926 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы, Сарыкөл ауданына қарасты қазіргі Урожайное (Сұлуағаш) ауылында қарапайым жұмысшылар жанұясында дүниеге келген. Жастайынан зерек, білімге құштар, талпынысы мен жігері берік, нағыз азамат болып өсіпті деседі. Осы жерде төрт сыныптық білім алған. Ол екі тілді жақсы білген адам. 1932 жылдары аштықтан жан сақтау үшін ата-анасы ішке (Ресейге) кетуге мәжбүр болған. Бірақ кейін елге қайтып оралған. Отбасында атамнан басқа, үлкен ағасы болған, 1919 жылы дүниеге келген Барыш атам да Ұлы Отан Соғысына қатысқан кісілердің бірі. (Қырым соғысына қатысып, Белорусь фронтында Севостополь қаласын қорғауға қатысқан. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін ұлы атам «За Отвагу», «За Оборону Кавказа», «За Победу над Германией», «20 лет Победы» атты медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталған).

1944 жылы 25 қарашада атам соғысқа аттанғанда 18 жаста болған екен. 1944 жылы 5 желтоқсанда әскери ант қабылдап, 24-ші кезектегі атқыштар полкіне жіберіледі. 1945-ші жылдың мамыр айында 120-ші атқыштар полкінің, атқыштар бөлімшесіндегі командирі болған. 1945 жылдың маусым айынан 153-ші авиац.техникалық рота бөлімшесіндегі, аккомоляторлық станциянының басшысы қызметін атқарған. 1947 жылдың сәуірінен 164-ші жеке күзет рота бөлімшесіндегі, атқыштар бөлімінің командирі. 1949 жылдың мамыр айынан 74285-ші әскери бөлімшедегі атқыштар бөлімінің командирі және артеллериялық қару-жарақ бөлімінің меңгерушісі. Сонымен атам үйге 1950 жылы бөлімше командирі аға сержант шенімен оралады.

Елге оралған соң атам 1957 жылы әжем Ұмсынайға үйленіп алты балалы болады. Тұңғышы Айғожаны өзі арқасына салып баққан деседі. Одан кейін Марат, Азамат (менің әкем), Балдырған, Қайрат, Болат есімді балалары дүниеге келген. Әрине дәл осы уақытта атам мен әжем қасымда болмаса да, біздерді өз көзімен көріп кетті. Ерен еңбегі ескеріліп, өз құрдастары ішінде де, Отан алдында да абыройға ие болған атам 2000 жылы 74 жасында қаза тауып, осы Сұлуағаш ауылында жерленеді.

Қазіргі таңда батыр ата ұрпағынан тараған 11 немере, 3 шөбере тараған. Барлығымызға үйдің үлкендері атамыздың ерлігін айтып, үнемі құлағымызға құйып отырады.

Қостанай қаласы,
№15 орта мектептің


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77